Айтбай Назарбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтбай Назарбеков (5.6.1922 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Байқадам ауылы – 29.3.1993 жыл, Алматы қ.) – қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

  • Қапланбек ауыл шаруашылық техникумын (1941)
  • Алматы Жоғары партия мектебін (1956) бітірген.
  • 1941 – 45 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты.
  • 1946 – 56 ж. Сарысу ауданы атқару к-тінің хатшысы
  • 1956 – 61 ж. Жамбыл ауданы атқару комитетінің төрағасы
  • 1961 – 63 ж. Көктерек ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы
  • 1963 – 65 ж. Шу ауданы атқару комитетінің төрағасы
  • 1965 – 83 ж. Мойынқұм ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы. Ол Мойынқұм ауданын басқарған жылдары қаракөл қойының саны мейлінше көбейіп, жүгеріден, бау-бақша мен көкөніс түрлерінен аса жоғары өнімдер алуға қол жетісті.

Қоғамдық қызметі

  • Ол 8 – 9 шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Марапаттары

  • "Ленин"
  • "Еңбек Қызыл Ту"
  • "Қызыл Ту" орденімен
  • медальдармен
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref name="test">Қазақ энциклопедиясы.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер