Айрантақыр мұнай кен орны
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мұнай кен орны Айрантақыр мұнай кен орны - Маңғыстау облысы Жетібай кентінен солтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан. 20 ғасырдың 60-жылдары аумақтық геология-геофизикалық зерттеу нәтижесінде барланып, кен орны 1989 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы
Тектоникалық тұрғыдан кен сыйыстырушы құрылым амплитудасы 30 м, бұрғыланған жыныстардың қалыңдығы 2700 м. Өнімді қабат орта юраның аален ярусына 2429 – 2449 м тереңдікте, мұнай иірімі қабаттық, мұнай су жапсары 2279 м-лік белгіде жатыр. Коллектор құмтастардан құралған ашық, ашық кеуектілігі 16%, өткізгіштігі 0,021 мкм2, Иірім қалыңдығы 50 м-дей, сазды жыныстармен бүркелген. Коллектордың жалпы қалыңдығы 20,4 м, тиімді және мұнайға қаныққан қабаты 7,4 м. Температурасы 99°С, бастапқы қабаттық қысымы 27,48 МПа.
Құрамы
Мұнайы жеңіл, тығыздығы 850 кг/м3, күкірті аз (0,08%), парафинділігі жоғары (18,5%), 1,7% асфальтен және 9,8% силикагелді шайыры бар. Мұнай құрамындағы еріген газдар ауыр, этанды. Кен 1991 жылдан бері игерілуде.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айрантақыр мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}