Айнып туу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айнып туумал төлінің қалыптан тыс белгілермен тууы. Қазақ сенімінде «айнып азып» туғандар ауру ғана емес, кесепат деп саналған. Бұл құбылысты мал иесінің бағы қайту, жолы болмауынан пайда болды деп ырымдайды. Домаланған пішінді, буындары айырымсыз былқ-сылқ еткен шала-жансар туған «мес» пен көзі төбесінде, 5-6 аяқты, екі басты тағы басқа тол туса, пәлекет, кесепат нышанына жорыған. Ондайлар мен ірі қараның (сиыр, бие, інген) егіз төлінің сыңарын өлтіріп, қоралы малдың өріске шығар жолына, немесе тоғыз жолдың торабына көміп тастайды. Немесе реті келген жағдайда егіздің сыңарын білдірмей кездейсоқ біреуге «сыйға» тартып жібереді. Азып туғандар арасынан төлдің артқы тесігі болмауын «бітеу» деп атап, одан «долұқ» (толық) аталатын қауға немесе кішігірім қап жасаған. Ертеде көшпелі халықтарда «бітеу төлді» жақсылықтың ныша-нына балап, оның терісінен «ырыздық тұлыбын» жасап, ырыс, бақыт тілеу нышанында құттың тұрағы ретінде ыдыс орнына қолданған. Егер түгі жетілмей, қызылшақа болып шала туған қозы, лақ болса ер адамның ескі бас киіміне немесе дорбаға салып, кереге басына іліп қоятын ырым болған. Әр күн өткен сайын керегенің бір басына жылжытып отырғандықтан, есептен жаңылыспаған, әрі төлге жылы болған. Төлдің кіндіктен қуыққа қарай созылған ақ тамырының жыныс мүшелерінің біріне оралып қалуынан пайда болатын қоскіндік ауруын да қазақ айнып туғандар қатарына қосады. Ондайда еркек төлді пішеді, ұрғашы төлде кіндік пен қуық ортасындагы ақ сызықтан бір елі қашықта терісін қиғаштай бір еліге жуық етіп тіліп, тамырды тауып қияды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айнып туу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}