Айно Каллас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:16, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы Айно Юлия Мария Каллас (Үлгі:Lang-fi, Үлгі:Туғанкүні, Кийскиля, Выборг губерниясы, Ұлы Финляндия княздігі — Үлгі:Қайтысболғанкүні, Хельсинки, Финляндия) — өлеңдер, романдар, новеллалар және пьесалар жазған фин жазушысы.

Биография

Балалық және жастық шағы

Айно Каллас Выборгтың маңындағы выборгтық Крон ақсүйектер отбасына тиесілі болған Кийскиля (қазіргі Подберезье) мекенінде дүниеге келген. Оның әкесі Юлиус Крон жазушы және фольклорист болған, ал анасы Мария Линдроос қыздарға арналған Фин мектебінің директоры болып қызмет атқарған. Айноның бауырлары Каарле мен Ильмари да Финляндияның атақты ғалымдары болды. Айно балалық шағын Кийскиля үйінде өткізді. Білім мен тәрбиені Гельсингфорстағы ақсүйектер ортасында алды.

Айно өз шығармашылығын он алты жасында бастады. Оны көбінесе адамның түп-тамыры жайлы сұрақтар қызықтырды. Осы қызығушылықтар «Өлеңдер мен балладалар» және «Кирсти» жинақтамаларында, жазушының балалық шағына арналған «Катинька Рабе» повесінде көріністер табады. Катинька Рабенің үлгісі Айно Калластың өзі болды. Оқиғалар Выборгтағы ата-анасының қожалығында орын алды. Айно өзінің адам болып қалыптасуына балалық шағы әсер етті деп есептейді, сол себепті онымен байланысты заттарға құрметпен қарап, туған жерлеріне барып тұрды.

Тұрмысқа шығу және Эстониядағы өмір

1900 жылы Каллас болашақ эстондық дипломат, дәрігерФилипп Оскар Калласқа (1868—1946) күйеуге шығады. Осы некеде бес бала дүниеге келді: Вирве, Лайне, Сулев, Хиллар және бала кезінде шетінеп кеткен Лембит. Алғашқыда отбасы Петербургте тұрды, одан кейін, 1904 жылы Дерптке (қазіргі Тарту, Эстония) қоныс аударды. Айно Каллас Эстонияның тарихымен және мәдениетімен қызықты, «Молодая Эстония» деп аталатын эстондық ұлттық әдебиет-прогрессивті тобымен тығыз қарым-қатынаста болды.

Осы уақыт аралығында жазылған Калластың новеллалары эстондық ұлттық идеямен тұнып тұр. Ең үлкен танымалдылыққа екі бөлімнен тұратын «За морем» (1904—1905) новеллалар жинағы ие болды. Осы жинақтан кейін «Антс Раудъялг» новелласы жарық көрді. Бұл шығармада Эстонияның сол уақыттағы социалдық жағдайы детальді түрде сипатталған.

Лондондық кезең

1920-шы жылы Айноның жұбайы Оскар Каллас Эстония республикасының Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалды, сондықтан келесі он екі жылда жазушы Лондонда тұрды. Не дегенмен жазға салым Каллас лондондық дүбірден шаршап, шабыт іздеп Хийума аралдарының жағалауларына көшіп кететін. Осы уақытта аралығында жазылған романдар — «Барбара фон Тизенхузен», «Рейгилік Пастор», «Қасқырдың келіншегі». Бұл шығармаларда адам сенгісіз махаббат бейнеленген, алайда ол өзімен бірге бақытты да, өлімді де қатар алып жүреді.

Соңғы жылдар

Келесі жылдары Каллас пьесалар жазады, мысалы «Мари және оның ұлы» (Үлгі:Lang-fi) және «Сааремаа аралындағы Вирсавия» (Үлгі:Lang-fi), осы пьесаларға композитор Тауно Пюлккянен опералар жазып шығарды. Эстонияның советтік оккупациядан кейін отбасы Швецияға қарай қашады, сол жерде Оскар Каллас қаза табады. 1944-1953 жылдары Айно Стокгольмда тұрды; осы жылдарда оның алты томдық күнделіктері мен мемуарлары жарық көрді. 1953 жылы жазушы отаны Финляндияға қайтып оралды, сол жерде 3 жылдан кейін көз жұмды.

Таңдамалы шығармалары

  • Lauluja ja ballaadeja, 1897
  • Kuloa ja kevättä, 1899
  • Kirsti, 1902
  • Meren takaa 1., 1904
  • Meren takaa 2., 1905
  • Ants Raudjalg, 1907
  • Lähtevien laivojen kaupunki, 1913
  • Seitsemän: Titanic-novelleja, 1914
  • Suljettu puutarha,1915 Musta raita, 1919
  • Katinka Rabe, 1920
  • Barbara von Tisenhusen, 1923
  • Reigin pappi, 1926
  • Langatonta sähköä, pieniä kirjeitä Lontoosta, 1928
  • Sudenmorsian, 1928
  • Novelleja, 1928
  • Pyhän joen kosto, 1930
  • Bathseba Saarenmaalla, 1932
  • Mare ja hänen poikansa, 1935
  • Talonpojan kunnia, 1936
  • Valitut teokset 1-3, 1938
  • Kuoleman joutsen 1942
  • Kuun silta, 1943
  • Löytöretkillä Lontoossa, 1944
  • Polttoroviolla, 1945
  • Kanssavaeltajia ja ohikulkijoita 1-3, 1945—1947
  • Seitsemän neitsyttä, 1948
  • Virvatulia, 1949
  • Rakkauden vangit, 1951
  • Päiväkirja vuosilta 1897—1906, 1952
  • Päiväkirja vuosilta 1907—1915, 1953
  • Päiväkirja vuosilta 1916—1921, 1954
  • Valitut teokset, 1954
  • Päiväkirja vuosilta 1922—1926, 1955
  • Päiväkirja vuosilta 1927—1931, 1956
  • Vaeltava vieraskirja vuosilta 1946—1956, 1957
  • Elämäni päiväkirjat 1-2, 1978
  • Elämisen taiteesta. Aino Kallaksen ja Anna-Maria Tallgrenin kirjeenvaihtoa, toim. Silja Vuorikuru, Otava, 2008

Әдебиеттер

  • Aleksis Kivestä Martti Merenmaahan — Suomalaisten kirjailijain elämäkertoja, WSOY 1954
  • Кай Лайтинен: Aino Kallas 1897—1921: Tutkimus hänen tuotantonsa päälinjoista ja taustasta. Otava, 1995.
  • Кай Лайтинен: Aino Kallaksen mestarivuodet: Tutkimus hänen tuotantonsa päälinjoista ja taustasta 1922—1956. Otava, 1995.
  • Сату Коскимиес: Tanssii suden kanssa
  • Aino Kallas (1878—1956) Viitattu 11.5.2007.

Сыртқы сілтемелер