Айналсоқ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айналсоқ - арқанның, шылбырдың, шынжырдың тағы басқа айналған кезде ширықпауын қамтамасыз ететін бүтіндей өз осінде айналып тұратын темір тетік. Оны қысқалау темірден бір ұшын иіп жіп, шылбыр байланатын шығыршық етіп жасайды. Екінші, негізгі тетігі жалпақтап соғылған темірден жасалып, ортасы тесіледі. Айналсоқтың шығыршықталмаған екінші түзу басын сол тесіктен өткізіп, кері шығып кетпеу үшін басын «қалпақбастап» тойтарып қояды. Айналсоқ көбінесе ат ноқтасының екі жақтауының түйіскен жеріне, яғни сулығына, иттің қарғыбауы мен шынжырының түйіскен жеріне тағылады. Атты түнде оттауға қойғанда - аяғына шідер салуға болмайтын бәйге аттарын күндіз арқандағанда басындағы ноқтасының айналсоғынан қыл арқанды өткізіп, күрмеп байлайды. Сондай-ақ, тұрмыста Айналсоқты бөрене сүйрегенде, әрлі-берлі аунап қолайсыз жағдай тудырмас үшін сияқты жағдайда (үгіршікке) қолданады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айналсоқ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}