Айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі халықаралық келісімдер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі халықаралық келісімдер — адамзаттың СЭС және АЭС-ларын пайдалану, ядролық сынақтар жасау, қоршаған табиғи ортаны (ауаны, жер асты байлықтарын, теңіз, көл, өзендерді т.б.). зиянды салдарлы жолдармен игеру әрекеттерінен туған қиын экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында жасалған келісімдер.

Олар мемлекеттер арасында, бүтін бір аймақ шеңберінде немесе маңыздылығына қарай БҰҰ аясында жасалды. Бұл келісімдер өзінің реттеу объектісіне қарай аспан, теңіз, ядролық т.б. болып бөлінеді. Мысалы, атом қуатын пайдалануда қауіпсіздікке қол жеткізу үшін бірқатар конвенция түріндегі келісімдер жасалған. Мысалы, ядролық қауіпсіздік жөнінде. Екі елдің атом энергиясын пайдалануда үшінші жақтың алдындағы жауапкершілігі туралы Париж конвенциясы (1960), Ядролық реактормен жүретін кемелер операторларының жауапкершілігі туралы Брюссель конвенциясы (1962), Ядролық нұқсан келтіргені үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі Вена конвенциясы (1963), Ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі Вена конвенциясы (1979), Ядролық апат жөніндегі алдын-ала ескерту және апат жағдайында көмек көрсету туралы Вена конвенциясы (1986).
Т е ң і з жөнінде: Жерорта теңізін ластанудан сақтау (1976), теңізді ластанудан қорғау (1978) туралы Кувейт аймақтық келісімдері және Теңіз жөніндегі (табиғатты қорғау туралы бөлімі бар) құқ конвенциясы (1982).
Ғ а л а м д ы қ м ә с е л е л е р бойынша: ғаламдық конвенция (1974), Стратосферадағы озон қабатын қорғау жөніндегі конвенцияны (1985), Стокгольм конференциясы (1972), Ауаның көп жақты трансшекаралық ластануы туралы конвенциялар (1975 — 79) қабылданды. Қазақстан қатысқан бұл сипаттағы келісімдер қатарында Арал теңізі жөніндегі Қызылорда келісімін (1993) атауға болады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref>

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі халықаралық келісімдер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}