Айгүл Ермекқызы Бижкенова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
08:51, 2017 ж. наурыздың 14 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Айгүл Ермекқызы Бижкенова (1958 жылы туған, Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы) — ғалым, филология ғылымдарының докторы, (2004), профессор (2008).
Өмірбаяны
- Алматы Шет тілдер институтын бітірген (1975).
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (бұрынғы Целиноград педагогикалық институты) оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1980 — 2006)
- 2006 жылдан Президент мәдени орталығында ғалым-хатшы болып жұмыс істеген.
- 2007 жылдан ҚР-ның Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында қызмет атқарады.
Ғылыми жұмыстары
- 60-тан астам ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 6 оқу құралы мен 3 монографияның авторы.
Марапаттары
- ҚР Білім және ғылым министрілігінің Ы.Алтынсарин атындағы медалімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>