Азғыр ядролық полигоны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:38, 2015 ж. тамыздың 27 кезіндегі Кырмызов (Талқылауы) істеген түзету

Азғыр ядролық полигоны (әскери шартты аты «Галит») – бұрынғы КСРО Қорғаныс минститрлігі мен Атом өнеркәсібі минститрлігі және Бүкілодақтық эксперименттік физика ғылыми-зерттеулер. институты («Арзамас-16») мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Ауданы — 0,6 млн. га. Онда 1966 жылы көкектен 1977 жылы қазан айы аралығында 17 ядролық жарылыс (165-1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядролық қуат күші 10-25 тротилдің килотоннасына тең дәрежеге жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көлемі 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991—92 жылы осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды (“Азғыр” ядролық полгонындағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қалдықтары 1996 — 1997 жылы көмілді). Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, мышьяк, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болып отыр. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. Радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. “Азғыр” ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстарғанда 2-2,5 есе жоғары болған. Әсіресе рак, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95-і анемия ауруына шалдыққан). Сонымен қатар мал өлімі де көбейген. Мысалы, 1992 жылы Құрманғазы ауданында ірі қараның 40-і, жылқының 35%-і, түйенің 30%-і, қойдың 20%-і өлген.

Азғыр ауылы

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Азғыр ауылынан 15 км-дей жерде орналасқан. Ауданы 0,6 млн. га. Онда 1966 жылы сәуірден 1977 жылы қазан айы аралығында 17 ядролық жарылыс (165–1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядролық қуат күші 10–25 тротилдің килотоннасына тең дәрежеге жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көлемі 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991–92 жылы осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды («А.» я. п-ндағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қалдықтары 1996–97 жылы көмілді). Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, күшәла, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болған. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. Радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. «А.» я. п-ндағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2 – 2,5 есе жоғары болған. Әсіресе рак (ісік), сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95%-ы анемия ауруына шалдыққан). Сонымен қатар мал өлімі де көбейген. Мыс., 1992 ж. Құрманғазы ауданында ірі қараның 40%-ы, жылқының 35%-ы, түйенің 30%-ы, қойдың 20%-ы шығынға ұшыраған.

Қазіргі жағдайы

Ядролық физика институтының бөлім басшысы Виктор Николаевич Азғыр по­ли­го­нында көлемі 1,2 миллион текше метрді құ­райтын тоғыз жерасты шұңқырдың пай­да бол­ғанын айтады. Қолдан жасалған жа­ры­­лыстардың әсерінен ойылған жердің қор­­ша­ған орта мен сол мекенде қо­ныс­тан­ған тұр­ғындарға, малға қауіпті екені ғы­лы­ми түрде дәлелденді. 2005 жылдан бері аталған институт радиоактивті ластанудың 100-ден астам аса қауіпті дағын жойып ке­­лді. Радиоактивті металл конструк­ция­лар мен бөлшектердің де көзі құртылды. Ен­ді қауіпсіз деп танылған кейбір дақтарды да көзден таса қылу жайы қарастырылды. Жұмыс комиссиясы азғырлықтар ара­­сында арнайы сауалнама жүргізуді, 100 адам қатысқан бұл зерттеу қоры­тын­ды­­сын жыл аяғына дейін жарияламақ. Зерттеу нә­­тижесінде Азғырды мекендеген тұрғын­дар­дың ағзаларында нуклеидтердің бар-жо­ғы анықталып, радиация көлемі са­рап­талу жоспарланды.

Қазіргі уақытта Азғырдағы қауіпті ай­мақтар қоршаусыз жатыр. Ядро­лық физика институты бұл жердегі шөп­тер­де радионуклеид жоқ деп тауып, сондықтан да жоғарыға төрт түлік мал таза шөп жеп жатыр деген есеп берді. Бірақ жартылай қоршалып, жартылай ашық-шашық күйінде жатқан бұл қауіпті аймаққа жерге өріс­тегі мал аттап баспайды дегенге сену қиын.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азғыр ядролық полигоны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}