Азия геологиясының мәселелері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:16, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Азия геологиясының мәселелері - Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының баспасынан 1955 жылы орыс тілінде жарық көрген ғылыми еңбек. Құрастырушы - Н.Н.Долгополов. Кітаптың 2-томы академик В.А.Обручевтің туғанына 90 жыл толуына және оның ғылым қызметінің 65 жылдығына арналған. 73 ғалымның мақаласы енгізіліп, әр мақала соңында Дереккөздер көрсетілген. Ірі 6 бөлімге бөлінген: жалпы және аймақтық тектоника, кентасты кен орындары, төрттік кезеңді зерттеу мәселелері, мәңгі тоң және жер асты сулары, петрография және минералогия, фауна, флора қазбалары және палентология мен биостратиграфияның жалпы мәселелері. «Кентасты кен орындары» бөлімінде академик Қаныш Сәтбаевтың кендердің қалыптасу теориясының әдістемелік мәселелері, кен орындарының генезисі, Жезқазған рудогенезінің негізгі спецификалық ерекшеліктері, мыс кен орындарының шөгінділері жайындағы тұжырымдамалары берілген. Көлемі 74,3 бет. Таралымы 3500 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азия геологиясының мәселелері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}