Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Азамат Рахатұлы Әбілдаев"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Тұлғалар)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:42, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы

Азамат Рахатұлы Әбілдаев - 1972 жылы Алматы олысы Жамбыл ауданы Қастек ауылында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. ҚР Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

1999-2004 жж. - «Алмаз» шаруа қожалығында басқарушы директор. 2004-2007 жж. - «Агрофирма Түрікпен» ЖШС бас директоры. 2007-2009 жж. - «ПромИнвестАзия» Сауда-қаржы холдингі» ЖШС президенті. 2009-2010 жж. –«ПромИнвестАзия» Сауда-қаржы холдингі» ЖШС қадағалау Кеңесінің төрағасы, консультанты. 2010-2011 жж. – «Қазақстан тас өнімдері» ЖШС, ӨБ президенті. 2011-2012 жж. – «Корпорация «Казгранит» ЖШС президенті. 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Мамандығы бойынша үздік» дипломымен, «За верность делу» ІІ дәрежелі медальдарымен марапатталған. 1998 жылдан – «Ақбөкен» қоғамдық қорының мүшесі.

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі.

Үйленген, бір ұлы бар.

Сілтемелер

Мәжілістің құрамы мен құрылымы, ӘБІЛДАЕВ Азамат Рахатұлы