Адырна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адырна -

  1. қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б.з.б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48-50 см., қалыңдығы 8-10 см, 7-ден 13-ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады. Адырнаның Д. Шоқпарұлы, А. Құмаровтар жасаған бірнеше нұсқасы Ықылас атындағы қазақ саз аспаптары мұражайында сақтаулы. “Адырна” аталатын көне аспаптар ансамблі бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
  2. Жақтың (садақтың) негізгі бөлігінің атауы.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Ағаштан, сүйектен, мүйізден иіп құрастырады. Адырнаға қайыстан, тарамыстан немесе жібектен керме жіп-кіріс байлайды. Адырна ның иіні, екі басы, белі әртүрлі ағаштан жасалып, иіні серпінді болу үшін мүйіз, белі берік болу үшін сүйек қабаттастырылып, өнбойы тарамыспен шандып байланады, сырты қайыңның тозымен қапталады. Адырна кері иіліп жасалады да, кіріс тағылғанда оған қарсы бағытта иіліп тұрады. Қатты серпінді адырналардан оқ атқанда шектей тартылған кірістің дірілінен гуілдеп дыбыс шығатындықтан, тілімізде “адырнасын ала өгіздей мөңіреткен” деген сөз тіркесі қалыптасқан.
  3. Пішіні садақ адырнаға ұқсатылып жасалған, бірнеше шекті көне музыкалық аспап.<ref>“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}