Адвокаттардың құқықтары мен міндеттері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:12, 2014 ж. сәуірдің 18 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Адвокаттың берілген тапсырманы орындауы үшін қажет болса және мемлекеттердің тиісті заңнамасына қайшы келмейтін болса, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде де адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар.

Адвокат өзіне көмек беруді өтінген адамға ол мұқтаж болып отырған кез келген заңдық көмекті көрсетуге құқылы. Адвокат көмек беруді өтінген адаммен өз атынан заңдық көмек көрсету туралы келісім-шарт жасайды. Адвокат барлық соттарда, өзге мемлекеттік органдарда қорғаушы немесе өкіл ретінде әрекет ете отырып, заңдық көмек сұраған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және білдіруге құқылы. Адвокат міндетті сақтандыру қаржысының есебінен жүзеге асырылатын мемлекет кепілдендірген әлеуметтік қорғауды пайдалануға құқығы бар. Адвокат заңнама талаптарын сақтауға, адвокатураның ұйымдастырылу және қызмет көрсету қағидаттарын басшылыққа алуына, кәсіби мінез-құлық нормаларының талаптарын және адвокаттық құпияны сақтауға міндетті. Оның мәліметтерді өзінен көмек сұраған адамның келісімінсіз жария етуге құқы жоқ.

Адвокаттың қаралатын іс бойынша өзіне көмек сұрап жүгінген адамның жағдайын нашарлататын құқықтық көзқарасты ұстануына тыйым салынады.

Адвокаттың мемлекеттік қызметке тұруына, кәсіпкерлікпен айналысуына (оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа), өзге де ақы төленетін қызметпен шұғылдануына тыйым салынады.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}