Адастыру (магиялық тәсіл)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:44, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Адастыру - дәстүрлі мифтік сенім бойынша малға, адамға келген індетке, ауруға қарсы жасалатын магиялық ырым, яғни мал емдеудің (сенім-нанымға негізделген емдеу шарасы) магиялық тәсілі. Адастыру жоралғысы лаң, топалаң, кемелек, күл, секіртпе, желінсау тәрізді қауіпті індеттер мал арасында толастамаған кезде жасалады.

Малға келген індетті адастырудың бір жолы ертедегі деректер мен ел аузындағы мәліметтер бойынша мынадай: бұл шара сәтсіз күн деп саналатын сейсенбі, жұмадан басқа күндердің бірінде жасалады. Қас қарайып, ай туар алдында қара бақанның ұшына май сіңген шүберекті байлап тұтатады да, бір адам қоралы қойдың алдында көтеріп жүреді. Ауылдың адамдарының көмегімен қорадан сыртқа айдалған қой әлгі тұтанған оттың артынан ілесіп отырады. Қойларға «аспандагы жұлдызды көрсету» үшін айды маңдайға алып, яғни оңтүстік-шығыс бағытқа қарай беттейді. Бірақ, адамдарға айға қарауға тыйым салынады. Ауыл адамдары түгелімен еріп, қойларды «тү, тфу, шү, тү» десіп, малдың екі санын, сауырын, жіліншігін тоқпақтап, шықпырта ұрып, айқай-шу шығарып, азан-қазан етеді. Күн шығысқа қарай қорадан шыққан қойларды күнбатыс жақтан қораға айдап қайту арқылы малды шырмаған ауру, індет біткен адасып кетеді-мыс. Басқалары ауруды «адастырып» келгенше, қорада қалған бірнеше адам қотанды от тұтатып, арша түтінімен аластап тазартып қояды. Бұл ем-дом шарасы жасалған соң мал індеті толастайды-мыс. Сондай-ақ, сол түні мылтық атып, кесірлі жабысқан пәлені үркітетін ырым да болған. Адастырудың ертеде кең таралған түрі - ауруды малдың бас сүйегіне «көшіру» жосын-жоралғысын жасап, әлгі бас сүйекті түрлі түске бояп, йен далаға төрт жолдың түйілісіне барады. Қарсы кездескен адамның аяғына қарай лақтыра салып қашады. Яғни мал ауруынан түрлі көшірме магиясы жәрдемімен құтылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Адастыру (магиялық тәсіл)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}