Адамбек Кәдірбекұлы Қапанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:17, 2017 ж. наурыздың 24 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Қапанов Адамбек Кәдірбекұлы (9.3.1927 жылы туған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы) - архитектор, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы (1971), профессор (1999). Мәскеу архитекторлық институтын бітірген (1951). 1951 — 1967 жылдары Қазақ мемлекеттік қала құрылысы бас жобалау институтында архитекторлық шеберхананың бас архитекторы Алматы мемлекеттік қала құрылысын жобалау институтының директоры (1967- 1997), 1971 - 1983 жылдары Алматы құрылыс-жобалау бас басқармасының бастығы әрі қаланың бас архитекторы қызметін атқарды. Алматы қаласының орталығын қайта құруға, көрікті архитекторлық ансамбльдерді қалыптастыруға белсене қатысты. Оның жобасы бойынша Орталық мәдениет және демалыс басының қақпасы (1954 - 55 ), Республикалық Орталық стадион спорт кешені (1958 - 1964, архитектор А.Я. Косовскиймен бірге), қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы кешені (1964) салынды. Д.Қонаев мүсіні, қазіргі Алматы қалалық әкімшілік, ғимарат (1976 - 80), Республика алаңы (1980 жылы КСРО Мемлекттік сыйлығы 1982) авторларының бірі болды. Алматы қаласының 1978, 1989, 2000 жылдарындағы бас жоспарын жасауға қатысты. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1987), "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Адамбек Кәдірбекұлы Қапанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}