Адай уезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:44, 2016 ж. тамыздың 27 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Адай уезі әкімшілік-аумақтық бөлік. Бұрынғы Маңғыстау уезі 1920 жылы Адай уезі болып аталды. Құрамында 27 болыс болды. Әр болыс әкімш. ауыл, ал ауылдар шаруашылық қауымдастыққа бөлінді. Орталық статистика басқармасының есебіне қарағанда 19241925 жылдары Адай уезінде 128124 адам тұрды, қалалықтар саны 1286. Уездің ревкомның есебі бойынша 1926 жылы халық саны – 166985-ке жеткен. Ұлттық құрамы негізінен қазақтар, орыстардың саны 3500 немесе 2%. Орыстар Николаевск (Баутин), Долгий, Құлалы кенттерінде, Форт-Александровскіде тұрды. Адай уезі 1927 жылы таратылды. <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, 4том</ref>

Әкімшілік бөлінісі. Халқы

Адай уезінде 27 болыс болды. Әрбір болыс әкімшілік ауылға, ал ауылдар шаруашылық ауылға (общинге) бөлінген. Орталық статистика басқармасының есебі бойынша 1924-1925 жылдары Адай уезінде 128184 адам, оның 66716-сы ер адам, 61768-і әйел адам болды. Ал уездік революциялық комитеттің 1926 жылғы мөліметі бойынша 166985 адамға жеткен. Уезд халқын үлттық қүрамына бөлгенде: орыстар — 3500 адам, немесе жалпы халықтың 2 пайызы. Қалғандары қазақтар, оларды руына бөлгенде негізгі 4 рудан тұрады. Олар: Адай, Шөмішті, Табын, Әлім. Адайлар 19 болыста түрған. Орыстар Новопокров (Баутино) кентінде (240 үй, онда 1276 адам, Долгий кентінде (80 үй, 488 адам), Қүлалы кентінде (15 үй, 55 адам), Форт-Александровскіде (220 үй, 1644 адам) түрған. Адай уезіне қарасты 27 болыстың аумағы мен шаруашылық жағдайлары, көшіп қону жайылымдары төмендегіше сипатталған.

Болыстар тізімі

1. Тайсойған болысы. 1000 үй. Халқы Тайсойған қүмдарының шығыс бөлігінде түрады. Кәсібі — мал шаруашылығы. Жазда Адайлардың бір бөлігі көшіп, қонып жүреді, қыста қүмга көшіп келіп, жер үйлерге қыстайды. Малға жазда пішен дайындап алады.

2-3. Шилі — Сағыз, Жем — Сағыз болыстары. 11 өкімшілік аулы, онда 1114 қожалық бар. Жиделі қүмдарын жайлайды. Гурьев уезінің Жем, Ақтөбе уезінің Сағыз, Оймауыт, Желтау болыстарымен шектеседі. Негізгі аумағы Жем, Сағыз өзендерінің арасында және Ойылға дейін жазда Адайлар көшіп жүреді. Негізгі халқы жатақтар, мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен айналысады. Кей жылдары қыста Үстіртке қарай жылқы мен қой малдарын айдап кетеді. Бұл болыстың жүздеген қожалықтары Жем өзенінің төменгі жағында Жылойға дейін барып қоныстанады. Кәсібі — мал шаруашылығы және егін шаруашылығы.

4-5. Ойыл — Қазбек болыстары. 3500 үй. Ойыл өзенінің орта және төменгі ағысында қоныстанған. Болыстың төңірегінде Әлімүлы және Байулдары түрады. Бұлардың арасында көшпенділер жоқ. Халқының негізгі күнкөрісі — мал және егін шаруашылығы. Болыстың жер көлемі онша үлкен емес, бірақ қүнарлы. Сондықтан көбіне Адай болыстары жерді пайдала-нады. Көшпенділер жазда Үстірттің Агды-Айрық, Шаған, Шагырай түлейі, Орталық және Оңтүстік Жемге, Атыжақсы, Жайынды, Қүздысай, Саралтын, Мүғаджар, Жаманәлі, Әлітау, Бақыртау, Намазтау, Қаражар, Төрткілкөл, Шошқакөл, Доңызтау, Темір, Қарақобда уездерінің жерлеріне дейін жай-лады.7 7. Сам — Матай болысы. 4 әкімшілік ауылдан түрады. 3000 қожалық. Халқы Табын руының Қарақойлысы, Доңызтау — Аққолтық болысымен қатар түгелге дерлік көшіп жүреді. Егіншілікпен айналысатыны 5 пайызга жетпейді. Бүл болыстың 20-25 пайызы, немесе 200 үй 1920 жылга дейін Қоңыратқа барып қыстап жүрді. Белгілі бір бөлігі Үстірттің Оңтүстігіндегі Қарақолқа жерінде Барсакелмес пен Арал теңізінің аралығында Білеулі-Қосбүлақ жерлерін жайлады. Болыстың басым көпшілік елі жазда Қараой, Көксеңгір, Сам, Матай, Айрық, Ақсеңгір, Теріскен қүмы, Оймауыт қумы, Шагырлы қүмы, Хантөрткіл, Бөкембай тауларына көшеді. Бул көшпенділер жазда көбіне жайылыстарын пайдаланып отырады.

8. Үлы Сам болысы. 4 әкімшілік ауылдан қүралады. Негізгі рулары Адай, Табын, 3000 үйге жақын. Болыс шаруалары түгелге дерлік көшіп жүреді. Болыстың 750 қожалығы жартылай көшпенді. Оның 250 қожалығы 1920 жылға дейін Қоңыратқа дейін қоныстанып жүрді. Болыстың үлкен бөлігі Үстірттің оңтүстігінде Қартбай сор, Қосбүлақ, Белсексеуіл, Ақсексеуіл, Бел-деуліні қыстаса, аз бөлігі Самның Оңтүстігінде Көксеңгір, Қараой жерлерін жайлаушы еді. 1920 жылдан кейін Сам, Матай қүмдарының терістігіне ауысты. Атап айтқанда: Ақсай, Кіндікті, Қайнар, Айрық, Аққоңырдан, Теріскен, Кедей, жалпы Жемнің өр басына дейін қоныстанып, Жем, Қарақобда болыстарымен шектесіп, Мүғаджар тауларына дейін барды.

9. Бірінші Адай болысы. Қүрамына Адайдың әртүрлі рулары кіреді. Атап айтқанда: Көрпе — 170 үй, Жанақ — 91 үй, Балықшы — 156 үй, одан басқа Ақпан — 20 үй, Құнанорыс — 100 үй, Бөйбіше — 102 үй, Қожағүл — 156 үй болды. Болыста 6 әкімшілік ауыл, онда 775 қожалық болды. Халқы түгелдей көшпенділер, олар жазда Жем өзенінің оң және сол жақтарын жағалап, Шерқала тауларына дейін көшеді. Қыста Оймауыт, Қайрақты, Молқүдық, Сам, Қарабауырды қыстайды.

10. Екінші Адай болысы. 6 әкімшілік ауыл, онда 785 қожалық бар. Негізгі коп ру — Шегем. Болыс шаруаларының үлкен кошу жолы бар. Жазда Ойыл, Темір, Сарықобда, Қарақобда өзендері бойларын жайласа, қыста Сам, Қараой, Барсакелмес сорының батыс бөлігіне дейін барып қыстайды.

11. Үшінші Адай болысы. Негізгі рулары — Қосқүлақ, Жары. 9 әкімшілік ауылдан түрады, 1078 үй бар. Оның 941-і көшіп-қонып жүреді. Жазда Сағыздың Жетікөл, Ащы, Ақжар, Байсарысына дейін көшеді. Қыста Ерлі-Көшкен, Шыбынды, Әлібек, Ащыбас, Қарақүдық, Қүсшы, Қаңбақты жерлерін қыстайды. Көктем мен күзде Белсексеуіл, Барсакелмес, Қараой, Шағырлы, Жақсы және Жаман Қайрақты қоныстарына көшіп барып отырады. 110 үй Сағыз өзені бойында мал шаруашылығымен қатар егін салумен де шүғылданады. 10 үй Хиуа каласында, 12 үй қысы-жазы Самда болатын жатақтар.

12. Төртінші Адай болысы. Негізгі руы — Бегей. 772 үйі бар, 6 әкімшілік ауылдан түрады. Бүл болыста жартылай көшпенділер жоқ. Барлық ауылдары қыста Орталык Үстірттің Қараой, Мүзбел, Қаңбақтыой және Орта Азия теміржолына дейін барып қыстайды. Бегейдің Малай аталатын аулынан басқасы Самда, Темір мен Ақтөбе уездерінің кейбір шаруалары сияқты Жаңғақтың ойында Жәуміт түрікмендер жайлайтын жерлерде болады.

13. Алтыншы Адай болысы. 1920 жылға дейін Закаспий облысының (орталығы Ашхабад қаласы) Красноводск уезінде болды. 1920 жылдан бастап Адай уезі қүрамына кірді. 5 әкімшілік ауыл, 1000-ға жақын үй бар. Бүлардан басқа 200 үй Красноводск қаласын жыл бойында түрақты мекендейді. Болыс қарауындағы шаруалар түгелге дерлік жазда Ойыл, Темір өзендеріне дейін көшеді де, қыста Красноводск қаласының маңына келеді. Есен, Бегімбет — 150 үй, Қоңыр — 50 үй, барлығы 200-дей үй Қоңыратқа дейін көшеді.

14. Жетінші Адай болысы. 5 әкімшілік ауылдан түрады. 773 үйі бар, негізінен Сүйіндік — Қосай рулары. Болыстағы шаруалар түгелдей көшеді. Жаз жайлауы — Ойыл және Темір өзендері, қыста Қаратау бойына, Қарабүғазға дейін келеді, аздаған бөлігі Красноводскіге дейін барады.

15. Әли — Бәйімбет болысы. Мүңалдан тараған рулар түрады, 1122 үй, 6 әкімшілік ауыл. Мамыртай, Жақау және Жанақ ауылдары бір жүреді, көп отыратын қонысы 24 ендік, 44 бойлықтағы Бөрібас қүдығы. Әли, Жанғозы, Жантоқа ауылдары қыста көшіп, Бөрібасқа келсе, жазда Темір өзеніне дейін көшеді. Жанақ ауылдары Төрбастан шығып, жазда Көкжарға

16. Бірінші Бозашы болысы. 7 әкімшілік ауылдан, 1213 үйден түрады. Рулары: Айтумыс, Шылым, Көшке ауылдары бүрын көшіп жүрген, соңғы кездерде Жемнің бойындағы Бақашыны жайлап, 93 үй көшуді тоқтатып, суармалы егіншілікке ауысқан. Ақбота 360-қа жақын үй, одан 100 үй Бозашы түбегінің Тасорпа суын мекендеген, 190 үй жартылай көшпенді — Жартышеке, Аққүдықты жайлайды. Қалған 20 үй егіншілікпен Ново-Александровскіні мекендейді. Есен аулы 200 үй, одан 160 үй жартылай көшпенді, жыл бойына Бозашы түбегінің шығыс бөлігіңце Ақботалармен бірге жүреді. 40 үй Қарақүмда қысы-жазы отырады. Бірінші Олжашы ауылында 150 үй, одан 40-қа жақын үй Бозашы мен Қаратау арасында көшіп жүреді. Қалғандары жатақтар, Өлі Қолтықта (залив Мертвый культук) отырады. Бөкен аулында 100 үй, одан 90 үй жартылай көшпенді, жыл бойына Ауызорпа мен Ащыорпа жерлерінің арасын мекендейді. 10 үй жатақ Форт-Александровскіде түрады.

Өтебайдың барлығы 120 үй, оның 25 үйі Бөкендермен, 110 үйі бірінші Олжашы аулымен бірге жүреді. 200-дей үй қыста Қарынжарық, Сеңгір-қүмдарын, ал көктемде Көгесем, Қарағанбосаға, Қыңыр, Үзын суларын жайлап, Самға барады. Жазда Қарақүм, Ойыл, Сағызға дейін көшеді. Екінші Олжашы аулы 120 үй. Қыста Бесоқты, Тоңаша және Қарынжарық қүмдарын қыстап, жазда Самға дейін көшеді.

17. Екінші Бозашы болысы. 9 әкімшілік аулы, онда 1340 үй, Мүңал үрпақтары түрады. Болыстың аумағы терістік батыста Завортный кентімен, терістік шығыста Тущықүдық қүдығымен, оңтүстік батыста Қошақ шығанағымен аралықты алып жатады. Бүл болыс түгелдей қүмға орналасқан, халқы жартылай көшпенділер. Негізгі халқы мал шаруашылығымен айналысады, бір азғантай бөлігі егін де салады. 50 үй Бектеміс балық аулайды. Жыл бойына торт пен онға дейін қоныс аударып көшіп жүреді. Көші-қонның жалпы үзындығы 150-шм-нан аспайды. Енді бір шаруашылық аулы — Тоқтамыс. Олар жыл бойына Қүлбарақ, Тиген, Аманқызылит, Қаратөбе қүдықтарында отырады. Малдырақ тобы Қарақум, Жемге дейін өкшіп барып жайлайды. 4 шаруашылық ауыл: Майлан, Шотан, Қүдайберген, Тастемір қыста Жүз-есем, Тоғыр, жазғытүры Қырықсегіз теппе, Қүлбалой, Үзын, Самның батыс бөлігін, жазда Темірге дейін жайлайды. Көші қон үзындығы қонысқа байланысты. 1926 жылы бүл рулар Босағаны қыстап қалды. 18. Үшінші Бозашы болысы. 8 әкімшілік ауыл, онда 1432 уй бар. Негізгі ру — Муңал балалары. Рысалы — 247 үй, Жетімек — 14 уй, жартылай көш- пенді, Жылойда Жартышеке, Аққұдық маңдарында отырады. Ескелді әкімшілік ауылында 153 уй (одан 20 уй Игілік) қыста Көкжал қулауларында, жаз шыға көктемде Қарынжарық, Сеңгірқумдарға, Қаратаудың шығыс бөлігіне жөне Қарақұмға дейін көшеді. Қысқа қарай Красноводскіге дейін қайтады. 1926 жылы осы аталған ауылдар көрсетілген қумдарды қыстап

Болыстың 1000-ға тарта қожалықтары көп көшпей Бозашы түбегінің терістік шығысын жайлап жүреді. Олар Дәулеталы және Мурат (Кеще) ауылдары. 200-дей үй Жиделі және Түщықүдық, Оңтүстік батысында Қошақ араларында жүреді. Болыста балық шаруашылығын кәсіп етушілер жоқ. Өңір мал шаруашылығымен айналысады. Бул болыста егін салушы да жоқ. Жаздағы көші қон узындығы 150 шм-ға дейін созылады.

19. Төртінші Бозашы болысы. 7 әкімшілік аулында 1043 қожалық бар. Негізгі рулары: Өрдек, Шылым, Айтумыс. Бірінші Бәйбіше аулында 170 қожалық болса, оның 150-і жартылай көшпенді, отыратын сулары Қызық, Қотырбай, Еспе. Қалған 20үй Форт-Александровскіде отыратын жатақтар. Мамьф аулында 140 уй бар, бүлардың қонысы Сағыз және Қайнар өзендері мен Үзынкөл, Әсемкөл маңы, егіншілікпен айналысады. Қойсары аулында 150-дей уй бар, оньщ 15-ке жуығы Форт-Александровскіде жататын жатақтар. Қонай аулында да 150-дей уй бар, оның 50 үйі Буракөлді мекендесе, 20 үйі жыл бойына Өлі Қолтық маңын, 15 үйі Бозашы түбегінің Қаратөбе қүдығын мекендейді. 200 үй Қаратоқаның 20-сы Жемнің Ақмешітінде, 30 үйі Қаратаудың Шетпе бүлақтарын мекендейді. Кенжеден 310 үй болса, 90-ы Өлі Қолтық маңын қыстап қалады да, басым көпшілігі Көкшесу мен Ақжарға дейін көшеді. Жалпы бүл болыстың шаруалары қыста Қарабүғаз шығанағы, Қарынжарық қүмы, Қарашық, Қулшық шағылдарын қыстап, жазда Қараған, Қорлақ, Жайнақ, Тағалбайлы, Қүщы, ал кейбір ауылдары Жем мен Ойылға дейін көшіп барады.

20. Бірінші Маңғыстау болысы. 9 әкімшілік ауыл, онда 1468 қожалық бар. Ауылдары: Жаңай — 135, Қожаназар — 125, Әлі — Тасым — 100, Төлеке — 50, Қамысбай — 150, Қаржау — 45, Өтеғул — 50 үй. Болыстың 655-тейі Мырзайыр, Ақтөбе жерлерін қыстайды. Жазда — Түзбайыр, Арыстанбүға, Алты-Қүлаш, аржағы Жем өзеніне дейін жайлайды. 100 үй Жаңай, 100 үй Қожаназар, 100 үй Әлі-Тасым, 50 үй Төлеке жыл бойына Қаратауда болады. 185 үй Қүл мен Тоян жыл бойы Шайырдың маңындағы бүлақтарда және Қаңғада отырады. 160 үй Тоқабай жыл бойына Қандыбас маңында, 50 үй Төлеке Ақтө-беде, 40 үй Қамысбай Қаратүранда болады. 50 үй Қаржау Тарлада, 30 үй Өтеғүл Қаражылға және Сағындыны мекендейді. Қалған жатақтар егін салады.

21. Екінші Маңғыстау болысы. 7 әкімшілік ауылда 1215 қожалық бар. Негізгі рулары: Шоңай-Әлмембет. Тоқсанбай аулында 320 үй болса, 215-i жыл бойына Отпан шоқысының маңында, 150 үй қыста Қарабүғазға дейін, жазда Ойыл жөне Сағыз өзендеріне дейін көшеді. Бөгембай-Боқай ауылында 240 үй бар. Одан 50 үй Орск қаласы маңын мекендейді. 160 үйі Тоқсанбайлықтармен бірге Қаратау бойында отырады да, 30 үй Қарабүғаз шығанағы мен Сағыз озендері арасында кошіп жүреді. Табынай аулында 600 үй бар, одан 200 үй Нарын — Бокей губерниясының аумағын жайлайды. 200 үй Орал губерниясының Қақбақты, Ащысай болыстарымен бірге қоныстанса, 200 үй Адай уезінің жері Таушықта және Қаратау бойында Богембай-Боқай ауылдарымен бірге кошіп жүреді. Бәубек аулында 260 үй болса, одан 240 үй Қараеспе-Сартағанда отырады. Ал олардың 20 үйі оз болысындағы кошетіндермен бірге жүреді. 200 үй болыстағы әртүрлі рулар Сағыз озеніне дейін бойлап барады. 10 үй Бекі, Сәубетте отырады.

22. Жеменей болысы. 7 әкімшілік ауылында 1405 қожалық болды. Қалша ауылы жартылай кошпенді, жыл бойына Қаракешу маңында отырады, егіншілікпен де айналысады. Бегімбет ауылы түгелдей кошіп жүреді. Қарақүмда, Жылойда отырады. Кейбір шаруалары Сеңгірқүмға келіп қыстайды. Үстіртте Бесегоз, Тәңке суларын жайлайды. Сүлтангелді ауылының шаруашылықтары жартылай кошпенді, Қаратау, Ақтау бойында аздаған болігі отырады. Жазда Қарақүмды жайлап, қыста Сеңгірқүмға келеді. Қожағүл ауылдары Аусары суымен Форт-Александровскіде қысы-жазы отырады. Шолақ ауылының 75 пайызы жартылай кошпенді. Отыратын жері Иір, Форт-Александровск, 25 пайызы кошпенді, жазда Қарақүмды жайласа, қыста Ақтобені қыстайды. Қаракедейдің 75 пайызы жартылай кошпенді, отыратын жері Жармыш, жатақтары Ауыздыбаста. Қалғандары кошіп жүреді, жазда Қарақүмға дейін кошіп, қыста Қаратау бойына келеді. Ақшакедей ауылдары кошіп жүреді, жазда Ойылта дейін барып, қыста Қаратау бойын қыстайды.

23. Келімберді болысы. 4 әкімшілік ауылы, онда 570 қожалық бар. Рулары: Жанбай, Жантуған, Құнанорыс. Бүл Келімберділіктер уездің басқа болыстары қүрамында жоқтар, оларды топтап, болысқа Келімберді атағын берген. Осы болыстың 400 үйі басқа әкімшілік уездерде. Мысалы: 250 үй бірінші Адай болысында, 30 үй Хиуада, 30 үй Бокеев уезінің Майтобе жерінде, 30 үй Гурьев уезінің Сімбірті болысында және 50 үй Хожелі қаласында. Бірінші Құнанорыс ауылында 150 үйдің 120-сы жартылай кошпенділер, қалғандары жатақтар, Форт-Александровскіде отырады. 2-3 Құнанорыс ауылында 250 үй жазда Жемнен отіп, Ақсу коліне дейін барады. Қараша ауылында 140 үй жазда Ащы Ойылға дейін барса, қыста Түзбайырға келеді.

24. Райымберді болысы. 1128 қожалық бар, оның 861-і Текелі — Алдаберді (Райымберді), қалған 267 үй Байүлының балалары, 6 әкімшілік ауылға біріктірілген. Қыдырша — 220 үй, бір жерге бірікпеген, эр жерде жүрген көшпелі ру, Форт-Александровск қаласында және Ақтау бойында кездеседі. Бірінші Әнет ауылында 250 уй, жартылай көшпенді. Кендірлі шығанағында, Үзынқүдық, Төңірекшында отырады. 10 үй жазда Сағыз өзеніне дейін көшіп, қыста Кендірліге келеді. Екінші Әнет ауылында 133 үй, одан 110 үй қыста Үзынқудықта, Машырықта болып, жазда Ойылдың Бабажан мекеніне дейін барады. Қалған 23 үй Қаратаудың шығысындағы үсақ булақтарды қоныстанған. Әтембек — 243 үй, одан 148-і көшпенділер, Орал губерниясының Шыңғыр-лаудағы Бозтөбені жайлап қайтады. Қыста Сеңгірқум, Қарынжарық, Қарабүғаз, Кендірліге келіп қыстайды. Қалған 100 үй Шорым, Алаторпа сулары мен Ақтау бойындағы суларда болады. Беріііг'- 130 үй. 110 үй жартылай көшпенділер, жыл бойы Қаламқас, Жиделі аралығын жайлайды. 20 үй жатақтар, мекені Сарқауақ, Жармыш, 30 үй Қүлкеш, басқа да Беріш тақталарымен бірлесіп, жерді пайдаланып, егінші-лікпен айналысатын жатақтар. Сондай-ақ жартылай көшпенділер, мекені -Бозащы түбегінің Қауынды, Сорқүдық, Егдір, Шәудір сулары.

25. Түпкараган болысы. 10 әкімшілік ауылда 1858 үйден түрады. Негізгі руы — Бәйімбет, оның ішінде Сабытай. Төлеп ауылы 30 уй, жартылай көшпенді, Қаратаудьщ Күркіреуік және соның маңындағы булақтарда егін салып та күнелтіс жасайды. 30 үй Аралбай Көрпе жатақтары Сеңгірқүмда, 10 үйі Форт-Александровскіде түрады. Маңғыбай, Күйік Көрпелер — 170 үй. Одан 50 үй Есекжарда қысы-жазы отырады. Айым, Шақа, Матай және N 6 және N 2 Боққара аулында 190 үй бар, оның 145-і Торты және Қошқарата жерлерін мекендейді. Олармен бірге 25 үй Өтеулі, Жаманқара және N 1 Боққара ауылдары бірге жүреді. Осы 190 үйдің 75 үйі Ақорпа, Алаторпа және осыған көрші жатқан Ақтау бойын жай­лайды. Байбоз аулында 240 уй бар, олардьгң жартылай көшпенділері мен жатақтары: 50 үй Бекі, Сәубетте, 50 үй Тортыда, 40 үй Борлы-Торымда, 50 үй Саршада отырады. Сарболат аулында 185 уй бар. Одан 10 үй жатақ Форт-Александровскіде. Сүгірәлі — Жәдігер ауылы 215 үй. 15 үй жатақ Форт-Алексаңцровскіде, 35 уй жартылай көшпенділер Ақорпа маңындағы жерлерде, 40 үй жатақ Басқүдықта отырады. Сегізбай ауылы — 180 үй, одан 30 үй жартылай көшпенді. Қонысы Таушық, 5 үй жатақ Форт-Александровскіде. Болыстың қалған 1175 үйі қысы-жазы мал шаруашылығының қамымен көшіп-қонып жүреді. Олардан 440 үй қыста Сеңгірқүм, Қарынжарық барса, жазда Сағыз өзеніне дейін жайлайды. 700 үй қыста қоныс қуып, Түркменстан жеріне ауады.

26. Бірінші Түрікменадай болысы. Негізгі рулары: Таңат, Арық, Тіней. 792 үй, 5 әкімшілік аулы бар. Мәмбетқүл (Шалбар) ауылы жыл бойына Форт-Александровскіде отырады. 120 үйі бар. Тәңірберген ауылында 200 үй бар. Одан 150 үй Бозашы түбегін жайлайды, мал шаруашылығымен қатар балық та аулайды. Қалған ауылдары болыстың басқа ауылдарымен бірге 522 үй жазғытүрым Ойыл, Темір өзендеріне дейін көшіп, қыста Сам, Қараалап, Боран, Қосқара, Мүзбел және Жаңғақтың ойын қыстайды.

27. Екінші Түрікменадай болысы. Бүған негізінен Қүдайке балалары, оның ішінде Қосай Бәли ауылдары кіреді. 5 әкімшілік ауылы, 710 үй бар. Есен аулында 170 үй болса, одан 60 үй жартылай көшпенді, мекені Қарашымырау, қалған 110 үй де жартылай көшпенді. Ақтөбені жайлайды. Есберді ауылында 130 үй бар, барлығы түгелдей көшіп жүреді, жазда Шилі, Темір өзендеріне дейін барып, Қоңыратқа дейін көшеді. Байбол ауылы 120 үйден түрады. Жартылай көшпенді. Жем өзенінің Ақмешітіне дейін барады. Қыста Қарынжарық, Сеңгірқүмдарды қыстайды. Бірінші және Екінші Өтеп ауылында көшпенді 290 үй бар. Байбол ауылымен бірге көшіп жүрген

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}