Аграрлы қоғам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аграрлы қоғам<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> - ауылшаруашылығы үстемдік еткен қоғамның тарихи дамуының индустрияға дейінгі сатысы. Өндіріске дейінгі, яғни аграрлы қоғам мен индустриалды қоғамның аражігін ажыратуда неміс әлеуметтанушысы Ф.Тённистің еңбегі зор. Ол өзінің "Қауым және қоғам" деген еңбегінде қоғамды ауыл қауымы (Гемайншафт) және қалалық өндіріс қауымы (Гезелыпафт) деп екіге бөледі.

Біріншісіне, қауымдық принциптердің, дәстүрлі әдеттердің, жазылмаған заңдар мен сенімдердің; шектеулі, жетілмеген, артта қалған мамандықтардың; діни құндылықтардың; отбасы, көрші-қолаң, қауым сияқты әлеуметтік институттардың үстемдігі тән. Тарихта алғашқы аграрлы қоғам Ежелгі Мысырда пайда болды. Аграрлы қоғам аясында мемлекеттер, оның әскері, бюрократия, қаржы жүйесі, жазу пайда болып, сауда мен кәсіпшілік дамиды, ал отбасы бұрынғы негізгі өндіріс ошағы күйінде қала береді. Аграрлы қоғам қазіргі мағынасы - қазіргі индустриялық және постиндустриялық қоғамдарға қарама- қайшы қолданылатын дәстүрлі, артта калған, анайы, консервативті, жабық, еркіндігі жоқ қоғамдар.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аграрлы қоғам|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}