Авиация психологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:05, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Авиация Психологиясы (лат. avis - қаз. қус) - авиация мамандарының іс-әрекетгерінің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Авиация психологиясы ұшқыштарды оқыту мен үшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандарды даярлап шығару мақсаттарын қарастырады. Авиация психологиясы ұшудың қауіпсіздігіне, апатгардың алдын алуға, ұшқыштардың, сондай-ақ басқа да авиация мамандарының еңбегі мен демалысын тиімді етуге, олардың кәсіби және психологиялық даярлығына назар аударады. Авиация психологиясы мақсаты — ұшқыштардың, штурмандардың, жер үстіңдегі қызмет мамандарының іс-әрекеті мен дайындығының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, үшу экипажынын тиімді және қолайлы қызметін қамтамасыз ету, авиацияда жұмыс істеуге кандидаттарды іріктеу, ұшқыштардың психикасына жағымсыз әсерлерді, апаттарды болдырмауға бағытталған. Авиация психологиясы ғьшыми-практикалық бағыт ретінде XIX және XX ғасырлар тоғысында адамзаттың ұшқыш аппараттарды ойлап табуына және оларды ұтымды да қауіпсіз басқарудағы адам факторы роліпіц арта түсуіне байланысты пайда болды. Ап. негіздері физиологияның, жалпы психологияның, эргономиканың, инжелерлік психологияның, еңбек психологиясының, медицинаның әдіснамалық және әдістемелік ережелерінің ықпалымсн қалыптасты Қазіргі заманғы Авиация психологиясының озекті мәселелері: авиация мамандары іс-әрекетерінің психологиялық құрылымдарын; адамнын авиациялық техникалық өзара әрекеттестігінің психологиялық заіщылықтарын зерттеу; үшу факторының, психикалық жағдайын ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынастардың дамуына осерін зерттеу; кәсіби жарамдылықты, экипаж мүшелерінің өздерінің іс-әрекет жағдайларына бейімделуін қалыптастыру; апатғылық жағдайларын талдау және т.б. Авиация психологиясы теориялық және практикалық міндеттерін шешу үшін психология меп физиологияда (сұхбат, бақылау, құжаттарды зерттеу, зертханалық және табиғи сараптаулар) қарастырылатын әдістемелер кешені қолданылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде Авиация психологиясы іс әрскетті талдаудың алгоритмдік әдістемесі, психологиялық модельлеу және т.б. әдістемелері дамуда.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}