Абылай жолы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абылай жолы (Хан жолы) - Талас және Шу бойын мекен еткен қазақтардың Бетпақдала арқылы жаз жайлауға көшетін жолы. Ертеректе керуен жолы болған. Шығыстанушы Бартольд Василий Владимирович араб және парсы деректеріне сүйене отырып, Ертістің солтүстігіндегі Қимақ даласына баратын екі жолды көрсеткен: бірі - Сырдарияның төменгі жағалауларынан басталса, екінші жол - Талас өңірінен бастау алады. «Бұл жолдармен ертеде және орта ғасырда Талас пен Шу аймағын Ертіс өңірімен, Батыс Сібір өлкелерімен жалғастырып жатқан сауда керуендері жүрген» деп жазды В.В. Бартольд. Мұндағы екінші жол бойымен тарихи сын кезеңде Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының басын қосу мақсатында қолдарын бастап хан Абылай жүріп өткен кезден бастап, ел арасында «Хан жолы» немесе «Абылай жолы» деп аталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref><ref>Чермак А. Оседлые киргизы и земледельцы на реке Чу // ЗЗСОИРГО. Книжка XXVII. Омбы. 1900</ref>

Абылай жолының жүру бағыты төмендегідей: Арқа өңірі - Мамай көлі - Итемген көлі - Моншақты таулары - Ертіс өзені - Ақмола - Майбалық көлі - Нұра өзені - Құлан өлмес - Алқалық таулары - Ескеней таулары - Сары су өзені - Манақ өзені - Ақтас Егінбұлақ құдығы - Төлеген құдығы - Дубашы сор - Бұлан таулары - Қатын су құдығы - Бөртке тіккен құдығы - Ажар құдығы - Тасжарған құдығы - Байғара таулары - Бетпақдала Құрманның құмдары - Шу өзені - Талас өзені - Алатау Хантау (Мұндағы Хантау атауын 1753 жылы хан Абылайдың ат басын тіреуімен байланыстырады).<ref>Катанагoв Г.О. Еще раз об Ермаке и его сибирском походе // ЗЗСОИРГО. Кн.XV. Вып.2. Омбы. 1883</ref>

Бұл бағыт кейін Шу бойындағы қазақтардың Арқаға қарай бойлық (меридиан) бойлап жайлауға шығатын, қысқа қарай қайта айналып құмға, Жетісуға қарай ойысатын көш жолына айналды. Бұл жол XX ғ.-дың бас кезіне дейін маңызы артып, кең қолданыста болған. Бұл жолдардың оңтүстік өлкедегі жұрттарды Ертіс бойымен, Батыс Сібір аймағымен байланыстыруда маңызы өте зор болды.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абылай жолы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}