Абылайша

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абылайша/ Абылайқос/ Абылайдың қара қосы - жаугершілік заманда әскери жорықта, үдере көшкенде пайдаланылатын уақытша баспана түрі.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref> Абылайша құрылымдық жағынан шаншыма қосқа өте жақын: сырықтары қара қостағыдай байланыстырылмай кішігірім шаңыраққа кигізіледі; керегесі болмайды, ал пошымы киіз үйге ұқсас, киіз жабыны түндік пен үзіктен тұрады, туырлығы болмайды, киіз есігі бар.

Шаңырақтың тоғынында сырықты өткізетін қаламдық тесігі қиғаштау тесіледі. Жерге шаншылатын түзу уықтарында иіні жоқ, әрі ұшына қарай сыптығыр (жіңішкелеу), әрі ұшталған қаламы бар, ал жерге шаншылатын жағы жуантық келеді. Шаншыма қостан айырмашылығы уық орнында жүретін сырықтары ұзын болғандықтан еңсесі биік, шаңырақ тоғынының шеңбері үлкенірек болғандықтан көлемі де үлкен болып келеді.

Киіз үйдің байырғы дәуірдегі прототипі болып табылатын уақытша баспананың бұл түрі Абылай тұсындағы жаугершілікпен байланысты қайта жаңғырып, яғни абылайша аталған көрінеді. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Жортуыл - жорық кезінде мұндай үйде сардарлар тұрған. Қазақ тарихының сынға түскен кезеңінде шешуші міндет атқарған қостың бұл түрі кейінгі кезеңде ерекше құрметке ие болған, ел қамы үшін қызмет етіп, қарекет етіп жүрген жандар тұтынуы оған қатысты өзіндік норманы қалыптастырған. Яғни мұнан кейінгі уақыттарда кез келген жолаушы иен далада қос кезіксе «Абылай тіккен қара қос, Абылайдың қосын аттамайық», - деп, міндетті түрде бұрылып ат басын тіреп, сәлем беріп, ас-суынан ауыз тиіп, өзінің алып жүрген қоржынындағы жол азығынан сыбаға қалдырып кететін болған.

XX ғ.-дың ортасынан бастап Абылайшаның да, шаншыма қостың да маңызы азая бастады. Дегенмен, мал шаруашылығының экстенсивті түрімен шұғылданатын қазақтар арасында ішінара сақталған. .<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті