Абсолюттік көнелікті анықтаудың радиологиялық әдістері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абсолюттік көнелікті анықтаудың радиологиялық әдістері - абсолюттік көнелікті анықтаудың радиологиялық әдістері. Табиғи радиоактивті элементтердің тұрақты изотоптарға және басқа элементтерге айналуын зерттеу нәтижесінде әр түрлі геологиялық нысандардың абсолюттік көнелігін анықтауға негізделген арнаулы әдістер жиынтығы. Бұл әдістердің дұрыстығын төмендегі шарттардың қалтқысыз орындалуы қамтамасыз етеді: 1) радиоактивтік ыдырау бүкіл геологиялық уақыт бойына бірқалыпты яки тұрақты жылдамдықпен жүзеге асады; 2) аналық радиоэлементтердің және олардың ыдырау өнімдерінің изотопты кұрамы бізге дәлме-дәл белгілі; 3) радиоактивті ыдырау қатарларының ең соңғы өнімдері тұрақты түрде сақталады; 4) бұрын болған және қазір бар радиоэлементтер бізге түгелімен белгілі; 5) геологиялық уақыт барысында радиологиялық көнелік көрсеткішін дәл анықтауға кеселін тигізетін, яғни зерттеу нәтижелерін кіреукелейтін бізге белгісіз ядролық әрекеттер болған емес. Геологиялық денелердің абсолюттік көнелік көрсеткіштерін радиологиялық тұрғыдан анықтау әдістерінің жекелеген түрлері көптеп саналады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}