Абділ Әзіз баб кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:17, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Abd al aziz baba.jpg
Абділ Әзіз баб кесенесі - сырт көрінісі

Абділ Әзіз бабҚарахан дәуірінің (IX ғ.) сәулет ескерткіші, кесене Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауылында орналасқанҮлгі:Coord.

Құрылыс сипаттамасы

Ғимарат үш жартылай сферикалық күмбезбен жабылған: біреуі ортада және енді шетінде. Портал шеті аркамен жабылған. Портал бұрыштарында доғал келген бағаналар бар. Порталдың жоғарғы жағы карнизбен аяқталған. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен салынған. Порталдың бүйір тұсынан солтүстік фасадында 0,820 белгідегі баспалдаққа шығар жол бар.Орталық кіреберіс қақпаға қарама қарсы михраб орналасқан.

Тарихы

Сайрам ауданында 9 ғасырда салынған, Қожа Ахмет Иасауидің «Рисала» атты бізге қолжазба күйінде жеткен кітабында Абд ул-Әзиз баб Мұхаммед пайғамбар бастаған ислам жолына түскен алғашқы кісілердің бірі екендігі айтылады. Оны есімінің соңына қосылған «баб» сөзі де байқатады. Абд ул-Әзиз Сайрамдағы Ибрахим атамен (Қожа Ахмет Иасауидің әкесі) және Отырардағы Арыстан бабпен аталас. Күмбез 16 ғасырда қалпына келтірілген. Оны қайта салдырған қазақ ханы Наурызахмет (Барақ) деген мәліметтер бар. Бұл күмбез Сайрамдағы ең үлкен кешен саналады, ол орта ғасырлық сәулет дәстүрінде салынған. Төрт бұрышты күйдірілген кірпіштерден қаланған күмбезді кешен үш бөлмеден тұрады. Кірер аузы текшеленіп, аркамен тізілген, екі жақ босағасына бағаналар орнатылған. Кешенді жөндеуден өткізген құрылысшылар күмбездің бастапқы жобасын сақтауға тырысқан..<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references />