Абдыра

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абдыра (Әбдіре)— үй бұйымдары мен ұсақ бағалы заттарды сақтайтын, көлемі үлкендеу, үстіңгі қақпағы, бүйірлерінде бірнеше суырмалары (қобдишалары) бар үй жиһазы. Құрылымында бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: сыйымдылығы үлкен абдыра горизонталды түрде қақ ортасынан тақтайшамен екі бөлікке бөлінеді. Оның үстіңгі үлкен бөлігі жалпақ қақпақпен жабылып, ортасында құлып (ілмелі) салатын бастырма және құлып салатын тайпақ орнатылады. Ол тетікті айдаршық немесе кекіл деп атайды. Ал астыңғы бөлігіне бірнеше қорапша тәрізді суырмалы қобдишалар салынады. Кейде, оған ойып салған (жасырын) құлып орнатылады. Мұндай суырмалы қобдишалар бет жағына (алдына) және екі жақ бүйіріне (жанына) де орнатылады.

Абдыра кебеженің үлкен түріне жатады. Абдыраның төрт аяғы - оның сұлбасының ерекшелігі. Олардың арасы қалыңдығы бір елідей сүргіленген тақтайдан қиюластырылып мүйізден, ағаштың шайырынан жасалған желіммен жымдастырып, желімделеді. Абдыраның бетімен екі бүйірін оймыштап, түрлі өрнек, бедер салып әшекейлейді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абдыра|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}