Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:41, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков (1896-1938), журналист, жазушы және қоғам қайраткері.

«Біздің де күніміз туды», «Октябрь күнінде» атты деректі повестері 1921 ж. Орынбор қаласында жеке кітап болып басылып шықты. С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты романында Абдолла туралы толық мағлұмат берілген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Турашыл, ер мінезді, ұлт мүддесін түсінетін азамат ретінде Асылбеков «Алашорда» үкіметі қайраткерлерінің оқу-ағарту, жерге қоныстандыру, дербес экономикалық бағытты ұстанужөніндегі көзқарастарына іштартты. Ол 1922 ж. қазақ қызметкерлерінің кеңесінде А. Байтұрсынов пен С. Сәдуақасовтың, Әуезовтің «коммунистік-колонизаторлық саясатқа қарсы» пікірлері мен ашаршылықтың зардаптарын жою туралы ұсыныстарын қолдады. 1921 жылы Әуезовпен бірге Қоянды жәрмеңкесінде қазақ автономиясының бір жылдық тойын өткізуге жетекшілік етті. Қажымұқан, Майра, Иса, Жынды Омар, Зәрубай, Әміре, Шашубай, Ғаббас, Қалибек сияқты ел өнерпаздарын жәрмеңкеге қатыстырып, ойын-сауық ұйымдастырды, М. Әуезовтің шығармашылығын жоғары бағалады. Ол 1932 жылғы ашаршылықты айыптап, үкіметтің алдына тиісті мәселе қойған. Асылбеков пен Әуезовтің арасындағы достық қарым-қатынас туралы деректер С. Бегалиннің, Қ. Қуанышбаевтың, Қ. Тоғызақовтың естеліктерінде баяндалған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Мақалалары мен очерктері «Тіршілік», «Еңбекші Қазақ», «Советская степь» газеттері мен «Қызыл Қазақстан журналында» жарияланып тұрды.

Шығармалары

Біздің де күніміз туды. Повесть. Орынбор, 1921.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Сыртқы сілтеме

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}