Абдолла Жұмағалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:22, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox Biography Абдолла Жұмағалиев (03.04.1915, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жосалы ауылы – 1941, 26 қазан) - ақын.

  • 1934 – 36 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті)
  • 1936 – 38 жылы ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) оқыған.
  • 1938 – 39 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы
  • 1939 – 41 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болған.
  • 1941 жылы шілдеде әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты (1941, 26 қазан).

Ол туралы

Жұмағалиевтың ерлігіне арнап Қ.Аманжолов “Ақын өлімі туралы аңыз” поэмасын жазды (1943).

Шығармашылығы

Жұмағалиевтың алғашқы өлеңі

  • “Біздің еңбек” альманағында (Орал, 1934) жарық көрген.

1936 – 41 жылдары шығармалары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрды.

  • “Токиодағы дауыс”
  • “Шығыс қызы”
  • “Асан туралы аңыз” атты поэмаларында жастық шақ, адамгершілік, достық, бақыт, Отан тақырыбын көтеріңкі шабытпен жырлады.

Шет ел әдебиетінен Байрон, Лермонтов, Низами, Тоқтағұл шығармаларын қазақ тіліне аударды. Кейін ақынның әдеби мұралары

  • “Таңдамалы өлеңдер” (1945)
  • “Өшпес жалын” (1962)
  • “Өлмес өмір дастаны” (1985) атты жинақтарында жарияланды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том;</ref>

Жазған шығармаларынан

Абдолла: <poem>

«Өлсем ұмыт болмай ма дүние деген, 
Мәңгі айрылысып қалмай ма о да мүлдем. 
Жанжал, шумен алысқан қайран басым, 
Бір қуыста қалмай ма үңгірлеген...» 

</poem> - дейді. Бұл шумақ Абайдың«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?..» деп келетін өлеңін еске тұсіреді. Және бір мысал: <poem>

«Қызыл шырай, қыз дүние қалар артта, 
Мөрін басып ақырғы мәңгі шартқа. 
Мен кетермін, келмеспін енді айналып, 
Басымдағы сырымды жаздым хатқа...» 

</poem> («Келер ұрпаққа») шумағының соңғы екі тармағындағы түйін Абайдың: <poem>

«Өтті ластап демеңіз жүрген жолын, 
Келді күн , келер ұрпақ заманаға!..»

</poem> - деген кемел ойына үндеседі.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}