Абай қоры (ұйым)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абай қоры - ақынның туғанына 150 жыл толу мерейтойы қарсаңында Семей қаласында құрылған ерікті, қоғамдық қайырымдылық ұйым. Оның қызметін реттеп отыратын жарғыны 1990 ж. маусым айында халық депутаттары Семей қалалық Советі аткомы бекітті. Абай қоры аты жазылған дөңгелек мөрмен, бұрышты штампымен, бланкалармен т. б. қажетті бұйымдармен жабдықталды, өз балансы бар. Ұйымдастырушылары: халық депутаттары Семей облысы Советі аткомы, Абай ауданы Советі аткомы, Кәсіподақтардың облысы советі, облысы комсомол к-ті, Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесі, Абайдың респ. әдеби-мемориалдық музейі, облысы «Семей таңы», «Иртыш» газеттерінің редакциялары, ҚазССР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемл. к-тінің облысы басқармасы, «Қазақ тілі» қоғамының облысы бөлімшесі. Ұйымның негізгі мақсаты - жалпы азаматтық рухани қазыналарды насихаттау, өлкеде туратын ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты нығайту, мерейтойға әзірлік шеңберінде - театрландырылған ойын-сауықтар, әдеби кештер өткізу, тақырыптық кинофильмдер түсіру, Абай шығармаларын зерттеу, тарату, басқа халықтар тілдеріне аудару, жарнамалық әдебиеттер, буклеттер, күнтізбелер шығару т. б. Ұйым еліміздің шығармашылық, ғылыми одақтарымен, кәсіпорындармен, бірлестіктермен, кооперативтермен және жеке азаматтармен екі жақты келісім-шарт жасау арқылы жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, қаражат қайнарларын белгіленген тәртіп бойынша пайдаланды, банк мекемелерінде сом және валюта түрінде есеп (Семей тұрғын уй-әлеуметтік банкісінің № 1700876 есебі) ашты. Абай қорының есебіне көптеген ұйымдардан және жекелеген азаматтардан қаржы түсті.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай қоры (ұйым)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}