Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Абай энциклопедиясы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш Энциклопедиялар» деген санат аласталды; келесі санат қосылды: «Санат:Қазақша энциклопедиялар» (HotCat ...)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

08:00, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Абай энциклопедиясы – ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен ақындық жолына арналған энциклопедия.

Қазақстан үкіметінің 1990 ж. 22 ақпандағы «Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына әзірлік және оны өткізу туралы» қаулысына сәйкес шығарылды. Кітапты «Қазақ энциклопедиясы» әзірледі. 1995 ж. «Атамұра» баспасынан қазақ тілінде жарық көрді. Энциклопедияға жинақталған материалдарда ақынның төл шығармалары мен аударма туындыларына, қара сөздері мен тарихи-зерттеу мақалаларына жан-жақты талдау жасалған. Ұлы ойшылдың филос., әлеум., діни, психол., пед., экон., этик., эстет. көзқарастары мен дүниетанымына кең орын берілген. Абайдың өмір жолы мен ортасы, ұстаздары мен шәкірттері, ата-тегі, кейінгі ұрпақтары, шығармаларында аталатын жер-су атаулары мен есімдер туралы мағлұматтар да мол. Энциклопедияда ақын шығармалары тақырыбында күрделі зерттеулер жүргізген ғалымдар, оның өлеңдерін аударған шетелдіктер туралы да деректер бар. Ақынның әр жылдары жарық көрген басылымдары мен Абай туралы жеке ғыл.-зерт. еңбектеріне қысқаша анықтама берілген.

Кітапты әзірлеуге Қазақстан ғалымдары мен көрнекті абайтанушылар, шетелдік авторлар тартылған. Абай энциклопедиясының авторлары мен шығарушылардың бір тобына (З.Ахметов, М.Мырзахметов, Р.Сыздықова, М.Құл-Мұхаммед) 1996 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}