Абай-ақиқат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай-ақиқат», Абай аудандық газеті (редакциясы, Абай қаласы 3 ш. а., 42 үй). 1974 жылдан шығып келеді. Бастапқыда Мичурин аудандық «За коммунистический труд» газеті болды. 1997 ж. Мичурин ауданы Абай қаласына қосылып, Абай ауданы құрылуына байланысты «Абай-ақиқат» атымен аталады. Негізінен қамтитын тақырыбы — аудан және қала жұртшылығының әлеуметтік-экономикалық өмірі.

Көлемі 1 баспа табақ. Аптасына бір рет қазақ және орыс тілдерінде шығады. «Абай-ақиқат» газетінің тұңғыш редакторы белгілі журналист Бағдат Мекей болды. Редакцияда басылады, таралымы 1500 дана. Бас редакторы Т. Орымбеков (2006).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}