Абажа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:40, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Абажа - ағаш тақтайшалардан құралып, былғарымен, киізбен қапталған, беті жұқа қаңылтырмен әшекейленіп жасалған, ұзындығы бір құлаштай, биіктігі жарты құлаштай көлемді үй жиһазы. Сандықтың үлкен түрі - Абажаның сүйегі ауыр, асты тегіс, екі жақтауында қос құлақшасы болады. Жүкаяқтың үстіне қойылады. Ол - көлемі үлкен ғұрыптық бұйымдарды сақтауға арналған бірден-бір бұйым (иман киіз, өлікті жууға арналған құман, ақырет кебін және өлімді атцаруга қатысты деген сияқты). Сондай-ақ, онда асыл бұлдан (матадан), қымбат теріден жасалған «бір киер» және қыстық киімдер мен жібек кілем-кілше сияқты тұрмыстық бұйымдар да сақталады. Абдырадан айырмашылығы абажаның көлемі үлкендеу. Және қақпағы құрсауланған, жақтаулары биіктеу, үстіңгі беті абдыраныкіндей тегіс емес, дөңес келеді. Көлемінің үлкендігіне байланысты бір бүйірінде ұстайтын тұтқасы қос-қостан салынады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музей қорында абажаның ұзындығы 132 см, ені 61,5 см, биіктігі 52 см (тағы бір кішілеу нұсқасының өлшемі 97х45х37 см келген), артқы жағы мен түбінен басқа бөлігі тұтастай қаңылтырмен қапталған нұсқасы сақтаулы. Оның қақпағының беті көгеріс өрнекпен әшекейленген. Ал, екі жағыңда темірден соғылған сопақша қүлақша орнатылған.

Абажаның дәстүрлі дүниетаным мен тіршілік циклінде атқарылатын ғүрыптар және жосын-жоралғы, ырым- тыйымдар жүйесінде өзіндік орны бар. Ә.Диваевтың жинаған деректері бойынша, абажаның түнде ашпайды. Тек өлім-жітім болғанда немесе ерекше жағдайда ғана «абажаның іиііне жылан кірді» деген магиялық мәндегі сөзді айтқан соң ғана ашады. Көшпелі ортада қастерлі саналған абажа, сандық сияқты жиһаздарға қатысты белгіленген нормалары туралы Ә.Диваевтың Перовск уезінің қазағы М.Шахмұратовтан жазып алуы бойынша, қазақтар сандықты түңде ашпайтын себебін «әулеттен біреу өледі» деген қауіппен түсіндіреді. Ә.Диваевтың айтуынша түнде сандык аиіуга мәжбүрлейтін үш түрлі жағдайда, біріншіден, сандықта сақталған бір зат қажет болғанда, екіншіден, көш-қонға байланысты, үшіншіден, жерлеу рәсіміне қатысты ашылуы мүмкін. Осы үй жиһазының үлкен, көлемді болуы қазақ тіліңде «далиған, зор» деген мағынаны білдіретін абажадай деген жиі қолданылатын теңеуге негіз болды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>


Абажа – кебеженiң үлкендеу түрi; аюға құратын үлкен шарбақ; қақпан; киіз үйдің шаңғырағы; бір жағы түпсіз су таситын күбі.<ref>Қазақтың киіз үйі / Сайын Назарбекұлы. - Астана : Елорда, 2005. - 93 б. : ISBN 9965-06-399-0</ref>


Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті