Іштің түйілуі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:47, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Іштің түйілуі — бұл төтеннен болатын қауіпті жағдайдағы ішек ауруларының атауы. Мұндай жағдайда адам өліп кетпес үшін көбінесе шұғыл түрде хирургиялық көмек жасалады. Іш түйілу ауруларының түріне соқырішек, іш құрылысының талаурауы, ішектің тарылуы жатады. Әйелдерде бұл жамбас сүйегінің суық тиіп қабынуы немесе құрсақ сыртындағы екіқабаттылықтан да болуы мүмкін. Ал көп жағдайда іш түйілу ауруының себебі хирургиялық жолмен анықтағанша белгісіз болып қала береді.

Егер де адам қусып, бірақ іші өтпей, қатты түйіліп ұзақ уақыт ауырса, онда мұны іш түйілу ауруы деп болжамдауға болады.

Ауру адамды ауруханаға жеткізіңіз,— операция жасау қажеттілігі туындауы мүмкін.

Белгілері

  • Іштің қатты түйіліп, үздіксіз үдеп ауыруы;
  • Үлкен дәреттің жүрмеуі мен құсу;
  • Іштің желденіп кеуіп, қатайып ауыруы және сырқат адамның сол жерге қол тигізген кезде ауырсынуы;
  • Аурудың жағдайы ауыр;

Егер адамда іш түйіліп ауырғандық белгілері байқалса, оны дереу ауруханаға жеткізіңіз.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}