Ішашхан Байбатырұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ішашхан Байбатырұлы<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Анарыс” баспасы, 2009 жыл</ref>(1938 жыл, Моңғолия, Баян-өлгей аймағы, Қызылтөбе мекені - 2000) - қазақ жазушысы.

Еңбек жолы

1964 жылы Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген. 1964-1982 жж. Моңғолия Қазақстан жазушылар одағының қазақ бөлімшесін басқарып, әдеби «Шұғыла» журналының редакторы, 1982- 1988 жылдары. Моңғол Халық Республикасының Министрлер кеңесі жанындағы цензураның аймақтық өкіл-редакторы, 1991-1992 жылдары орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. 1992 жылы атамекені Семей облысының Мақаншы ауданына көшіп келді. Мақаншы аудандық оқу бөлімінде оқу ісінің инспекторы болып қызмет атқарды.

Шығармалары

Көптеген еңбектердің авторы. 2 кітабы қазақ тілінде, 3 кітабы моңғол тілінде басылған, 3 пьесасы сахнада қойылған. Шығармалары орыс, болгар, серб, мажар, бурят, алтай тілдеріне аударылған.

Жетістіктері

1970 жылы Моңғолия Қазақстан жазушылар одағының сыйлығын алып, 1989 жылы Моңғол Халық Республикасының Алтын Жұлдыз орденімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}