Іс-әрекеттің бағдарлылық негізі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Іс-әрекеттің бағдарлылық негізі - ақыл-ой әрекетінің жоспарлы дамуының теориясына ендірілген түсінік. Әрекеттің бағдарлы негізі — үйрететін адамды өзінде пайда болатын әрекеттерді, сондай-ақ ол әрекеттерді сапалы, жетістікпен және дұрыс орындай алатындығымен алғашқы таныстыру үрдісі мен нәтижесі. Іс-әрекеттің бағдарлылық негізінің жетекші түрі — баланың өмірінің нақты мерзіміндегі психикалық дамуына мүмкіндік туғызатын іс-әрекет және мұндай іс-әрекет дамытуға жетелейді. Іс-әрекеттің жетекші түрлері — адамның бір жас шамасында немесе белгілі бір өмір кезеңінде, ол үшін маңызды, негізгі болып саналатын қызығушылығын тудыратын және оның психологиялық дамуына әсер ететін адам әрекетінің түрлері. Іс-әрекеттің бағдарлылық негізінің тиімді мотивациясы — адам іс-әрекетінің нәтижелігін өте жақсы қамтамасыздандыратын мотиваиия. Іскерлік ойын кәсіптік немесе өзге әрекеттердегі жағдайларға құрылған ойындар.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}