Ілия Жақанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:58, 2016 ж. ақпанның 10 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Ілия Жақанов(06.05.1936 жыл, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылы) — жазушы, композитор, өнер зерттеуші.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Композитор, жазушы, публицист, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1936 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. С. М. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Жақанов ҚазССР Министрлер Кеңесінің теледидар мен радио жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде еркін шығармашылықпен айналысуда. I. Жақановтың әндері жастар арасында жақсы танымал. Ол "Алматы кешінде", "Асылым", "Жайлаукөл кештері" және т. б. әндердің авторы "Екі жирен", "Бірінші концерт" әңгімелер жинағының, "Аққулар қонған айдын көл", "Ықылас" романының музыка және музыканттар туралы зерттеулердің авторы.


Өмірбаяны

  • ҚазМУ-ді бітірген (1959).
  • 1959-1963 жылдары “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі,
  • 1963-1984 жылдары Қазақстан теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитетінде редактор, аға редактор, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Кітаптары

1. Әнші бұлбұл кітабы, 2007 ж, 74 бет

  • “Қайта оралған ән” (1968),
  • “Хош бол, вальс” (1969) кітаптары.
  • Қазақтың ұлы күйшісі, қобызшы Ықылас туралы романы “Кертологоо” (1989) деген атпен алғаш қырғыз тілінде, кейін қазақ тілінде “Ықылас” (1990) деген атпен жарық көрді.

Қазақ өнері қайраткерлерінің өмірін зерттеу негізінде:

  • “Екі жирен” (1976),
  • “Бірінші концерт” (1971),
  • “Махаббат вальсі” (1983),
  • “Аққулар қонған айдын көл” (1988) атты деректі жинақтары, сондай-ақ,
  • “Қарабура” (1997) тарихи-танымдық шығармасы жарық көрген.

Әндері

Жақанов:

  • “Әселім әнім”,
  • “Даниярдың әні”,
  • “Еділ мен Жайық”, т.б. халық арасында кең таралған әндердің авторы.

Аудармалары

  • Қырғыз жазушысы Т.Қасымбековтің “Сынған қылыш” тарихи дилогиясын қазақ тіліне аударған (1981).

Зерттеулері

  • “Біржан сал”
  • “Ақан сері”
  • “Үкілі Ыбырай”
  • “Естай әнші”
  • “Жаяу Мұса”
  • “Мәди”
  • “Майра”
  • “Балуан Шолақ”, т.б. сал-серілер ғұмырнамалар.
Қазақстан композиторлары 
  • М.Төлебаев
  • Латиф Хамиди
  • С.Мұхамеджанов
  • Қ.Мусин
  • Б.Байқадамовтардың шығармашыдық портреттерін сомдаған шығармалары

Сценарийлері

  • “Шоқан және музыка”
  • “Жамбыл және музыка”
  • “Сәкен және музыка” атты деректі фильмдері бар.

Жетістіктері


Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}