Ілияс Қабылов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:33, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Саясаткер Ілияс Қабылов (18 қазан 1904, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы – 26 ақпан 1938, Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері.


  • Әке-шешесі 1911 жылдан бастап Ақмешіт, Әулиеата, Ташкент қалаларында тұрған.
  • 1918 – 22 жылдары Ташкент еңбек коммунасында орталау білім алған.
  • Кейін Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін (1925), Қызыл профессура институтын (1933) бітірген.
  • 1925 – 28 жылдары Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде философия және құқықтанудан оқытушы
  • 1928 – 30 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің баспа жөніндегі сектор меңгерушісі, мәдениет және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары
  • 1931 – 33 жылдары Шығыс еңбекшілері коммунистік университеті философия кафедрасының меңгерушісі болды.
  • 1934 – 37 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, ҚазПИ (ҚазҰПУ) философия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
  • Қазақ АКСР-і Кеңестерінің 9-съезіне (1935) қатынасып, Атқару комитетінің мүшелігіне сайланған.

Көрнекті публицист, әдеби сыншы, философ ретінде «Еңбекші қазақ», «Советская степь», «Казахстанская правда» газеттерінде мақалалар жариялаған.

1937 жылы жалн жаламен айыпталып қамалған. Кейін, ату жазасына кесілген. 1998 жылы 15 мамырда толық ақталды.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}