Ілияс Бораганский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:13, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ілияс Бораганский (22.4.1852, Қырым, Бақшасарай — ө.ж.б.) — Санкт-Петербургте мұсылман баспаханасын ұйымдастырушы.

Бораганский жас кезінде Түркияға барып, Стамбұлда жеті жыл (1867 — 74) баспа ісімен шұғылданды. 1822 ж Санкт-Петербургте мұсылман баспаханасын ашуға рұқсат алып, орыс, араб, түрік тілдерінде кітап басып шығаруға кірісті. Онымен қоса Бораганский 1898 — 1908 ж Санкт-Петербург университетінің Шығыс тілдері факультетінде түрік тілінен дәріс оқыды. Бораганский есімі қазақ мәдениеті тарихымен де тығыз байланысты. Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын 1909 ж Бораганский баспасы жарыққа шығарған. Содан төрт жыл бұрын (1905) бұл баспа Ш.Уәлихановтың ел аузынан жазып алған жырларын жариялаған болатын. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, Бораганский 1920 ж Башқортостанға көшіп келіп, барлық баспа құралдарын Стерлитамак баспаханасына өткізді де, өзі сол баспахананың басқарушысы болды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}