Іздеу (пайдалы қазбаларын)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:24, 2014 ж. мамырдың 15 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Іздеу (пайдалы қазбаларын). Пайдалы қазба кенорындарын табу және оның болашағын анықтау мақсатын көздейтін нақтылы шаралар жиынтығы; зерттеу аймағының геологиялық құрылыс ерекшеліктерін зерттеу және әр түрлі іздеу сілтемелері мен іздеу белгілерін саралау нәтижесінде жүзеге асырылады, сөйтіп әдетте ірі маштабты геологиялық түсіру жұмыстарымен орайластырыла жүргізіледі. Өздерінің көздеген мақсаты тұрғысынан Іздеу жұмыстары бір-біріне жалғаса жүргізіілетін екі сатыға жіктеледі: Іздеу жұмыстарының бірінші сатысы яки жалпылама Іздеу бұрын көп зерттелмеген өңірлерде жүргізіле отырып, осы өңірдегі кен білінімдері мен кен көздерін ашуға қолайлы деген алқаптарды анықтау мақсатын көздейді; Іздеудің екінші сатысы яки тиянақты жұмыстары жаңағы жалпылама Іздеу шаралары кезінде анықталған алқаптар өңірін ғана қамтиды, сөйтіп нақтылы кен білінімдері мен кен көздерін түбегейлі зерттеу ісімен айналысады; арлау жұмыстарымен орайлас өтетін соңғы шаралар зерттелмек нысанның болашағын анықтау мақсатын көздейді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}