Іздеу жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Іздеу жүйесі — мәліметті Интернеттен іздеу мүмкіндігін ұсынатын веб-торап. Іздеу жүйесінің басым бөлігі мағлұматты Әлемдік өрмек сайттарынан іздейді, алайда файлдарды ftp-серверлерден, тауарларды интернет-дүкендерінен, сондай-ақ мәліметті Usenet жаңалықтар тобынан іздей алатын жүйелер де бар. Соңғы уақытта түрлі XML-деректер ішінде RSS технологиясына негізделген іздеудің жаңа түрі пайда болды.

Іздеу жүйесінің функционалдығын қамтамасыз ететін программалар кешені іздеу қозғалтқышы немесе іздеу машинасы деп аталады. Іздеу машинасының жұмыс сапасының негізгі белгісі релеванттық (сұрату мен табылған деректің сәйкестік деңгейі, яғни нәтиженің қисындылығы), базаның толықтығы, тіл морфологиясын есепке алуы болып табылады. Мәлімет индексациясы арнайы іздеу роботтары арқылы жүзеге асырылады. Іздеу жүйесі жұмысын жақсарту — бүгінгі Интернеттің ең негізгі міндеттерінің бірі.

Net Applications компаниясының деректеріне сүйенсек, 2007 ж. желтоқсан айында Google-дың нарықтық үлесі дүние жүзі бойынша 77.04 %, Yahoo — 12.46 %, MSN — 3.33 %, Microsoft Live Search — 2.57 %, AOL — 2.12 %, Ask — 1.38 %, AltaVista — 0.13 %, Excite — 0.07 %, Lycos — 0.02 %, All the Web — 0.02 % [1] пайызды құрайды.

СomScore компаниясының аналитикалық деректері бойынша 2007 жылдың желтоқсан айында барлық іздеу сайттары 66 млрд 221 млн іздеу сұратуларын өңдеген екен. Яндекс осы статистикаға кірген және ол 9-ыншы орында тұр.

Тарихы

Хронология
Жыл Жүйе Оқиға
1993 Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Aliweb Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
1994 Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Lycos Іске қосылды
1995 AltaVista Іске қосылды
Daum Негізі қаланды
Үлгі:Аударылмаған2 Web Index Іске қосылды
Magellan Іске қосылды
Excite Іске қосылды
SAPO Іске қосылды
Yahoo! Іске қосылды
1996 Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Негізі қаланды
Рамблер Негізі қаланды
Үлгі:Аударылмаған2 Негізі қаланды
Ask Jeeves Негізі қаланды
1997 Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Яндекс Іске қосылды
1998 Google Іске қосылды
1999 Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Негізі қаланды
Naver Іске қосылды
Teoma Негізі қаланды
Үлгі:Аударылмаған2 Негізі қаланды
2000 Baidu Негізі қаланды
Үлгі:Аударылмаған2 Негізі қаланды
2003 Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
2004 Yahoo! Search Ақтық іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
2005 MSN Search Ақтық іске қосылды
Ask.com Іске қосылды
Нигма Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Негізі қаланды
2006 Үлгі:Аударылмаған2 Негізі қаланды
Quaero Негізі қаланды
Live Search Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды (бета)
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды (бета)
2007 wikiseek Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Wikia Search Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
2008 DuckDuckGo Іске қосылды
Tooby Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Cuil Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды (бета)
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
VADLO Іске қосылды
Powerset Іске қосылды
2009 Bing Іске қосылды
KAZ.KZ Іске қосылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды (бета)
Үлгі:Аударылмаған2 Жабылды
Үлгі:Аударылмаған2 Іске қосылды
2010 Cuil Жабылды
Blekko Іске қосылды (бета)
Viewzi Жабылды
2012 WAZZUB Іске қосылды
2014 Спутник Іске қосылды (бета)

Іздеу (және әлеуметтік граф)

Іздеу құралдарына жеңіл қосылатын функцияны әлеуметтік граф деп атайды. Вебсайттар, блогтар және т.б. профильдер сияқты белгіленген кезде, іздеу құралдары оларды метаберілгендерді алу мақсатында қарастыра алады. (Мысалы достарға байланысты және т.б.). Іздеу құралдары желіні индексациялау үшін өте жақсы, өйткені, әлеуметтік ақпарат пен адамдарды көлбеу іздеудің қосылуы қиын мақсат болып саналмайды. Іздеу құралдарына әлеуметтік іздеу, адамдарды іздеу мүмкіндіктері міндетті түрде қосылады.

Жаңартулар

Достар мәртебесін қадағалау мүмкіндігінің ыңғайлылығы Facebook жетістік себептерінің бірі. Бұл мүмкіндік ашық желіге тасымалдана алады. RSS және iCall стандартты форматтары арқылы кез келген қолданушы жаңартулар мен оқиғалар енгізе алады. Достарының жаңартуларын қадағалап отырғысы келетін әр бір тұтынушы бұл іс әрекетті санау құрылғысы немесе сұрау жасау арқылы жүзеге асыра алады. Бұл стандартты тәжірибе болып қалыптаса бастады. Өйткені, бағдарламалық қамсыздандыруды жасаушылардың жаңа және бұдан да артық осы ақпаратты қадағалап көрсетудің әдістерін құрудың үлкен және көп мүмкіндіктері болады.

Әлеуметтік желілер теориясы туралы

Әлеуметтік желілер қазіргі теориясының пайда болуының қысқа тарихы.

Әлеуметтік желілер қазіргі теориясының басын 1954 жылы Рэй Соломонофф пен Анатолий Рапопорт салды. Ал 1959 – 1958 жылы венгер математиктері Пол Эрдос және Альфред Реньи әлеуметтік желілердің пайда болу принциптерін сипаттайтын мақала жазды. Дункан Уоттс және Стивен Строгаг әлеуметтік желі теориясын дамытып, кластеризация коэффициенті түсінігін, көптеген басқа да ұлы ашулардың қатарына енгізді. Мұндағы кластеризация коэффициенті – бірыңғай емес топтар арасында жақындық дәрежесі.

Терминнің пайда болу тарихы.

1959 жылы әлеуметтік желілер термині “Адамдар қарым қатынастары” атты жиынтыққа кірген, Манчестер мектебінің әлеуметтанушысы Джеймс Барнстың “Норвеждік аралдар кірістерінің класстары мен жиынтықтары” атты жұмысында енгізілген. Ол 30-шы жылдары ойлап табылған визуалды диаграммалар (бөлек жақтар - нүкте түрінде, ал олардың арасындағы байланыс - сызықтар түрінде ұсынылды) көмегімен адамдар арасындағы өзара байланысу социаграммалар көмегімен жүзеге асыру зерттеулеріне қосымшалар енгізіп оларды толықтырды.





Іздеу жүйелері нарығы

Google — нарық үлесі 68,69 % әлемдегі ең сұранысқа ие іздеу жүйесі. Bing екінші орынға ие, оның үлесі 12,26 %Үлгі:Sfn.

Әлемдегі ең көп сұранысқа ие іздеу жүйелері Үлгі:Sfn:

Іздеу жүйесі 2014, шілде айындағы нарық үлесі 2014, қазан айындағы нарық үлесі 2015, қыркүйек айындағы нарық үлесі
Google 68,69 % 58.01 % 69.24%
Baidu 17,17 % 29.06 % 6,48%
Bing 6.22 % 8.01 % 12,26%
Yahoo! 6.74 % 4.01 % 9,19%
AOL 0,13 % 0.21 % 1,11%
Excite 0.22 % 0,00 % 0.00%
Ask 0,13 % 0,10 % 0,24%

Азия

Шығыс Азия елдерінде және Ресейде Google - ең танымал іздеу жүйесі емес. Қытайда, мысалы, ең көп танымал Үлгі:Аударылмаған2 болып табылады.

Оңтүстік Кореяда, патенттелген Naver іздеу порталын халықтың шамамен 70%-ы пайдаланады Үлгі:Sfn Yahoo! Japan және Yahoo! Taiwan — тиісінше Жапония мен Тайваньдағы ең танымал іздеу жүйесі, Үлгі:Sfn.

Ресей және орыс тілді іздеу жүйелері

Яндекспен Ресейде пайдаланушылардың 50,9% қолданады (Google — 40,6 %)Үлгі:Sfn.

2015 жылдың маусымындағы Liveinternet деректері бойынша орыс тілінде іздеу сұрауларының <ref>Liveinternet</ref>:

Кейбір іздеу жүйелері сыртқы іздеу алгоритмдерін пайдаланады.

Сыртқы сілтемелер

FL Master - Қазақстанның іздеу жүйесі


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}