Ізбасар Рақымбайұлы Рақымбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Iзбасар Рақымбайұлы Рақымбаев<ref>ӨББИ ғылыми кеңесі</ref> (20 қазан 1937 жылы туған, Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданы Рахат ауылында) – биология ғылымының докторы (1980), профессор (1985), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академик (2003).
Мазмұны
Өмірбаяны
Рақымбаев 1937 жылдың 20 қаңтарында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылында дүниеге келген.
1960 жылы Мəскеудің К.А. Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын бітіріп, 1963 жылға дейін Ботаника институтының биохимия зертханасының ғылыми қызметкері болды.
- 1963-1967 жж. Рақымбаев Мəскеудің технологиялық институтында аспирантурада оқыды, 1981 жылға дейін Бас ботаника бағытының физиология зертханасының меңгерушісі болды. Сол жылы Докторлық диссертациясын Мəскеудегі Физиология институтында қорғайды.
- 1981-1989 жж. Рақымбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физиология және биохимия кафедрасының меңгерушісі болды, одан кейін Бас ботаника бағытының директоры.
- 1993 жылы Рақымбаев Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының ұйымдастырып, оның алғашқы директоры болды. 2006 жылдан бастап сол институттың бас ғылыми қызметкері<ref>Рақымбаев Ізбасар</ref>.
Ғылыми жұмыстарының мəселесі
Рақымбаев ғылым мен өндірістің жаңа саласы — биотехнология ғылымының іргесін қалаушы. Оның ғылыми еңбектері өсімдіктің өсуі мен дамуын реттеуге, организм және клетка деңгейіндегі гормоналды механизмдерін зерттеуге арналған. Рақымбаев өсімдік онтогенезіндегі фитогормондардың динамикалық топографиясы туралы теориялық түсінікті ұсынып, оның тәжірибе жүзінде негізін қалады. Бұл жаңа ғылыми идеяны бүкіл әлем ғалымдары мойындады және ол «Өсімдіктің өсуі» оқулығы (М., 1984) мен «Annual review of Plant Physiology» (1985, vol. 48) халықаралық басылымында жарық көрді.
Оның in vitro биологиясы бойынша ғылыми зерттеулерінің нәтижелері соматикалық және жыныс клеткалары культурасындағы пролиферация, дифференцировка, морфогенез және регенерация процестерінің цитофизиологиялық механизмдерін түсінуге мүмкіндік берді. Бұл күрделі репродуктивті даму процестері андрогенез бен гиногенез туралы қазіргі заманғы түсініктердің кеңеюіне одан әрі кең жол ашты. In vitro жағдайында жыныс клеткалары морфогенезі бағдарламасы дамуының гаметофитті жолдан спорофитті жолға ауысуының клеткалық механизмдерін анықтап, соның негізінде селекция процесін жылдамдатудың және жеңілдетудің биотехнологиялық әдістерін жасады.
Ол шәкірттерімен бірге сирек кездесетін және жер бетінен жойылып бара жатқан өсімдіктерді клондаудың аса тиімді биотехнологиясын, гаплоидты организмдерді алудың әдісі мен клетка селекциясын, клетка инженериясын, өсімдік генофондын өте төменгі температурада (-1960С) сақтанудың тәсілдерін жасады. Оның теориялық және қолданбалы әдістері бидай мен күріштің жаңа, мол өнім беретін сорттарын шығару арқылы іске асырылды.<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>
Ғылыми еңбектері жəне шəкірттері
Рақымбаев өсімдіктер физиологиясы, биохимиясы және биотехнологиясына арналған 370 ғылыми еңбектің, соның ішінде 7 монографияның, 7 брошюра мен 21 оқулықтар мен оқу-методикалық әдістемелердің авторы. Бұл еңбектер өсімдік биологиясының теориялық және әдістемелік негізінің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Бидайдың 4 және күріштің 2 сортының авторы.
Ол өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды, 8 ғылым докторы мен 27 ғылым кандидаттарын дайындады<ref>Рақымбаев Ізбасар</ref>.
Монографиялары
- “Вегетативное микроразмножение растений” (Алматы, Ғылым, 1985)
- “Культура клеток и биотехнология растений” (Алматы, ҚазМУ, 1991)
- “Биотехнология зерновых культур” (Алматы, Ғылым, 1992)
- “Культура клеток и клеточная инженерия растений” (Алматы, ҚазМУ, 1994)
- “Эмбриология растений” (Алматы, ҚазМУ, 1996)<ref>Рақымбаев Ізбасар</ref>.
Марапаттары
- «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі (1968)
- «Ерен еңбегі үшін» медалі (1970)
- «Қазақстан егемендігіне 10 жыл» медалі (2001)
- «Қазақстанның ғылымын дамытуға қосқан еңбектері үшін» медалі (2004 ж.)
- «ҰҒА үлкен алтын медалі» (2010)
- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығы құрметiне арналған мерекелiк медаль (2015)<ref>Рақымбаев Ізбасар</ref>
Дереккөздер
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ізбасар Рақымбайұлы Рақымбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}