«Қылмыскер»

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қылмыскер» – Мәдениет министрілігінің 2003 жылы жариялаған ұлттық «Астана–Бәйтерек» конкурсында бас бәйгені жеңіп алған драматург Сәкен Жүнісовтың пьесасы. <ref> Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Жазушы» 2011 жыл.</ref>

Онда бүгінгі күннің шындығы әлеуметтік талдау мен арқылы көрсетілген.

Кейіпкерлері - кешегі өнер жұлдыздары, бүгінгі көр қазушылар. Жай ғана көр қазушылар емес, зират басындағы бірнеше гектар жерді алдын-ала сатып алып, ақша табушы кәсіпкерлер. Аттары да өздерінің болмыстарына сай. Біреуі-Шалам (шөп-шалам), екіншісі-Әлімқұлы. Екеуін біріктіріп «Шаламалейкум» деп атаған.

Автор қоғамдағы көлеңкелі тұстарды, ұнамсыз жайттарды, ұлттық болмыс пен ғұрыпты сақтап қалуды, қазақ жерінің тағдырын драмалық тартыс аясында суреттеп жеткізген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}