«Экология. Мұражай көзқарасы» көрмесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Экология. Мұражай көзқарасы» көрмесі – Алтай өлкесі Мемлекеттік мұражайының «Орыс мұражайы. Виртуалды филиал» ақпараттық-білім беру орталығының Алтай өлкесінің халықаралық және өңіраралық байланыстарды қамтамасыз ету жөніндегі басқармасымен және «Природа Алтая» газетімен бірлесіп, Алтай өлкесінің мәдениет және мұрағат ісі жөніндегі басқармасының қолдауы арқылы бастамашылық жасап, жүзеге асырған үлкен халықаралық жобасының қорытынды кезеңі болып табылады.

Жобаға таяу және алыс шетелдердегі отандастардың қоғамдық ұйымдары, «Орыс мұражайы. Виртуалды филиал» ақпараттық-білім беру орталықтарының қызметкерлері, көркемөнер мектептерінің оқушылары, фотосуретшілер қатысты.

Сипаттамасы

Ресейлік және шетелдік авторлардың экспозицияда ұсынылған фотосуреттері экологиялық проблемаларға назар аудартып қана қоймай, осы көкейтесті проблемалардың шешімін табудағы жекелеген адамның не істей алатынының үлгілерін көрсете білуде. Мәселен, «Росинка» балалар клубының (Райнфельден қаласы, Германия) орыс тәрбиеленушілері «Теңізді қорға!» акциясына қатыса жүріп, Әлем мұхиты ластануының жалпыәлемдік проблемасына елдің назарын аудартуға тырысты. Орегон штатындағы (Портленд қаласы, АҚШ) Славян иммигранттары қауымдастығының мүшелері «Адамдарға арналған таза су» атты мектептік баспасөз-конференциясы туралы сыр шертті. Голуэй қаласындағы (Ирландия) орыстілді қауымның мүшелері ирланд орманын жойылудан қорғау бойынша өткізіліп жатқан акцияға қатысып жүр. Италияда, Англияда, Қырғызстанда, Қазақстанда тұратын отандастар Көркемөнер мұражайының жобасына ерекше қызығушылық танытуда.

Жобаның тұсаукесері 2013 жылғы 18 мамырда өткен болатын және де Көркемөнер мұражайындағы «Мұражай түні-2013» акциясының негізгі іс-шарасына айналды. Жоба Алтай өлкесінің «Шетелдердегі отандастарды қолдау және байланыстарды дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында жүзеге асыру іске асырылуда.

Дереккөздер

<references/>

1. Қазақстан мәдениеті кітабы, АТАМҰРА 2007ж. 125бет.