«Отан қорғаушылар» мемориалы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:25, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

«Отан қорғаушылар» мемориалы, «Отан-Ана»монументі - 2001 жылы 7 мамырда Астана қаласының казіргі Тәуелсіздік және Қ.Мұңайтпасов даңғылдарының қиылысындағы алаңда тұрғызылды. «Отан қорғаушылар» мемориалы символикалық мазмұны кешегі мен бүгінгі, ертеңгі ұрпақтар жалғастығын білдіреді. «Отан қорғаушылар» мемориалының өзегі - биіктігі 37,5 метр, салмағы 63 тонналық алып монумент - ана бейнесі. Ақ кимешекті әйел-ана алтындатылған зерлі кесесіне ақ құйып оны, ұлттық дәстүрге толы көңілімен, келе жатқандарға қос қолдап ұсынуда.Сондай- ақ соғысқа аттанған жарын, алысқа кеткен ұл-қыздарын алаңдай күтіп тұрған ананың бейнесінен бүкіл қазақ әйеліне тән ұлттық болмыс-бітім аңғарылады. Қола бағанның (ескерткіш діңінің) ұшар басында 121 алтын масақтан тұратын нысан - көпұлтты қазақстандықтардың тереңнен тамырланған бірлігі мен берік достығының нышаны. Масақтардың іргесі қазақ жерінде әр ұлттың рухани және мәдени мұрасын бейнелейтін ою-өрнектермен безендендірілген. Бұл сонымен бірге жаңа өскін-өмір, бейбітшілік, молшылық пен тұрақтылық белгісі. Үш бөлікті тұтқырдың тағы бір ерекше көңіл аударатын тұсы - жер шарының бейнеленуі: онда сонау ескі дәуірден бастау алған Жібек жолымен сапар шеккен керуендер түркі халықтарының ертедегі кіндік шаһары - Түркістан мен рухани орталық болған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне соғып, одан ары талай тарихи кезеңдерді артқа тастап, жаңа Елордамыз Астана қаласына ат басын тірегені мүсіндік тәсілмен тайға таңба басқандай айшықталған. Қырық метрдей қола бағанның екі жақ қапталының бірінде-ата-бабаларымыздан қалған кең байтақ мекенімізді әртүрлі басқыншылардан қорғаған хас батырлар, екінші жағында - Ұлы Отан соғысы жылдары ерлік көрсеткен қазақстандық әскерилер бейнеленген. Бүл - қаһарлы соғыс жылдары майданда елінің бостандығы үшін мерт болған жауынгерлер мен арамызда өнеге көрсетіп жүрген соғыс ардагерлеріне деген ерекше кұрмет ескерткіші. «Отан қорғаушылар» мемориалы тәуелсіздігіміздің 10 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 56 жылдығына және ҚР ҚК іргетасы қалануының 10 жылдығы мерекесі қарсаңына орай ашылды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Отан қорғаушылар күні - 2001 жылы 7-9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шеру мерекесіне қатысып, сөйлеген сөзінде ел тарихына шолу жасай келіп, халқымыздың бастан өткерген жылдары қашан да ерлікке толы болғанына тоқталды. Аталған мерекенің барлық қазақстандықтар үшін киелі екеніне ерекше мән берді. Бұдан соң «Отан қорғаушылар» мемориалы жайында: Бұл - жауды тізе бүктірген Жеңіс мерекесі болуымен бірге жалпыхалықтық еске алу күні, аға ұрпақтың өшпес ерлігіне бас иію күні. Сондықтан бұл мемориал ұрпақтарымыз бейбіт өмірімізді құрметтеп, қан құйлы соғыстың зардабының қандай болатынын естен шығармау үшін ұлағатты ескерткіш болуы керек. Біз ата- бабаларымыз бен әкелерімізді мақтан тұтамыз. Біз өз иықтарымен бар ауыртпалықты арқалаған айрықша аналарымызды мақтан етеміз. Оларсыз жеңіс те болмас еді. Мынау монументтің айрықша көрініп тұрған бөлігі де сол - әйел- ана бейнесі. Мына ашылып отырған ескерткіш Ұлы Отан соғысындағы ерлікті ғана бейнелемейді, қазақ халқының батырлығын, ержүректігін де сипаттайды. Бүл есімі мәлім және есімі беймәлім жандардың аруағын тербетіп, топырағын торқалайтын перзенттік махаббатымыздың көрінісі, соның куәсі. Отын өшірмеген ержүрек аталарымыз бен шаңырағымызды шайқалтпаған мейірбан аналарымыздың қадірі мен қасиетіне қойылған киелі белгі! - деді. Үш бөліктен тұратын кешеннің қандай ой-мақсатты білдіретіндігі түсіндірілген шығармашылық топ М.Т.Әлиақпаров, мүсінші Ю.Баймұқашев пен архитектор, сәулетші, суретшілер Б.Тайталиев, Т.Баймырза, Е.Шахиев, Е.Ержанов, А.Бексұлтанов, Н.Конапольев, А.Курицындер мемориалдың сәулеттік-көркемдік композициясын ойдағыдай іске асырды.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:«Отан қорғаушылар» мемориалы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}