«Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» атты көрме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

2011 жылғы 4 ақпанда мұражай-қорық галереясында (М.Горький көшесі, 59) «Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» атты көрме Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы мен Қазақстан Республикасындағы Австрия елшілігінің қатысуы арқылы Австрияның сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.

Берта фон Зуттнер (1843-1914) – жазушы, шешен, бейбітшілік жолындағы бүкілдүниежүзілік қозғалыстың жетекші қайраткерлерінің бірі. Өз дәуіріндегі ықпалдарға қарамастан, ол тайсалмастан ұлттық фанатизмге қарсы шықты, соғыс өртін тұтандырушыларға, жеккөрушілікті үгіттеушілер мен антисемитизмге қарсы болды. Берта фон Зуттнер – Бейбітшілік сыйлығына алған тұңғыш лауреат-әйел. Тіпті өзінің досы әрі меценат Альфред Нобельге Нобель сыйлығының негізін қалауға қозғау салған адам. «Қару жойылсын!» – Берта фон Зуттнердің әйгілі романының бұл атауы осы қайсар әйелдің бірмезгілде бағдарламасы әрі өмірінің ең маңызды мақсаты болып табылды.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА 2009ж. 125бет.

2. Қазақстан суретшілері және олардың туындамасы кітабы, 2007ж. 86бет.