«Ақиқат бәйтерегі»

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Ақиқат бәйтерегі» - әлем діндерінің бірінші тоғысуынан Махат Садық жасаған деректі фильм. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Қазақтың жаңа, жас астанасының жер бетіндегі ежелгі діндер өкілдерінің басын қосуының өз символдық мәні жарқырай көрсетілген. Әлемдегі қаншама қайраткердің, БҰҰ-ның Бас хатшыларының қолынан келуі екіталай әрекетті буыны беріде бекіп, бұғанасы жаңа қатқан елдің басшысының жүзеге асырғаны жайындағы фильмде алуан түрлі пікір бар.

Тарбағатай төсінде қаптаған қалың араны өзіне тарту үшін бой мен көрік, жұпар мен шырын таластырып, жайқалып тұрған сансыз гүл тәрізді. Сол сансыз гүлден десте жасау үшін бір-біріне қатар қою қажет. Ең болмаса, ойша, Махат өзінің «Ақиқат бәйтерегінде» алуан діндер өкілдерінің сиыну мен сенім, түр мен тіл, киім мен киелі кітап, табыну мен торығу өзгешеліктеріне қарамай, бастары бір идеяға бірігер, көңілдері бір кермеге кірігер тұсын тап басқан. Ол - жұмыр жердің тыныштығы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}