«Ақиқат»

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:19, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

«Ақиқат» - саяси (1989 жылдың 8 ақпанында эфирге шыққан) пікірталас телеклубы. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Бағдарламада қозғалған мәселелердің пайда болуы, шығуы, шешілу жолы толық, жан-жақты талданды. «Жастардың әлеуметтік белсенділігі» деп аталған алғашқы хабар бір сағатқа созылды.

Хабарды Дос Көшімов, Ләззат Сапаховалар жүргізді. Хабарда жастардың қоғамдағы орны, әлеуметтік тұрмысы, экономикаға қосқан үлесі, ұлтаралық қатынас, тіл, экология, әлеуметтік белсенділік жаңаша көзқараспен, кеше мен бүгін салыстырыла отырылып сөз етілді. Пікірталас клубында әлеуметтану, идеолог, теңсіздіктер, кеңестік кезеңде Қазақстанның шикізат орталығы болып келгендігі, бір партиялық жүйенің солақай саясаты ашылды. «Ақиқат» пікірталас клубы «Жүректен қозғайық» хабарының жалғасы еді. Осы айдармен жастардың бірнеше пікірталасын өткізді.

Хабарда «дөңгелек үстел» жанры пайдаланылды. Хабар ақиқаттың соңғы нүктесін қоюға асықпады, алда айтылар, ашылар ақиқат әлі де жеткілікті еді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}