Қадырғали Жалайыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:13, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox Biography

Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген.

Өмірбаяны

Ол қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жас бекзадаларды оқытып, тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкен үміт еткені — Оразмұхаммед сұлтан еді. Өзінің ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: "Менің аталарым Оразмұхаммед сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым". ХVI-ХVII-ғасырларда жалайырлардың бір бөлігі Ұлытау, Көкшетау аймағында көшіп жүрген. Қазіргі географиялық картада, Арқа жақта Жалайыр, Найман деген ұзыннан ұзақ бел-белестер бар. ХVIII-ғасырдағы Жоңғар қалмақтары жасаған жойқын шабуылда ("Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама" заманында) Жалайырлар әуелі Бетбақдалаға ығысып, кейін құба қалмақтар жеңіліп, қазақтың кең даласы жаудан тазара бастаған соң, жылжи-жылжи Шу, Іле, Қаратал өзендерінің жағалауына келіп орналаса бастайды. Қазақ хандарының қыстық қонысы Түркістанда болған да, жазда Арқа жаққа, Көкшетауға көшіп барады екен. Хан-сұлтандар ол кезде аң аулауға жеке дара шықпайды, көп нөкер, саятшы ерткен. Бұл кезде бір орталыққа бағынып,жаңа күшейіп келе жатқан орыс патшалары оңтүстік-шығыстағы көршісі қазақ хандығымен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі-түғын. Шығысында пайда болған үлкен мемлекет Жоңғар хандығы, оңтүстік батысында өзбек әмірлері, Жайықжақтан башқұр мырзалары тыныштық бермей отырған қазақ хандары да орыстармен сыпайы сауда-саттық қатынас жүргізіп жатқан. Оқта-текте Мәскеуге елшілері де барып қайтатын. Бірақ өздерін ішке кіргізбейтін. Сол кездердің өзінде-ақ қазақ хандығы әлсірей қалса, ұлан байтақдаланы иемдену сияқты түпкі арам ойы бар орыс патшалары сол елдің ішкі-сыртқы жағдайын, тарихын, салт-санасын, әскери күшін, қорғану қабілетін жете білуге тырысуы заңды еді. Осы мақсатпен олар ханның айналасындағы адамдардан түтқын алуды бұрыннан ойлап жүрген. Жас сұлтан Оразмұхаммедтің аңшылыққа құмар екенін, жылма-жыл ерте көктемде, күзде Ертіс, Тобыл бойын жағалап ит жүгіртіп, құс салатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадыр Әлі бастаған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, "аманат" ретінде Мәскеуге жөнелтеді. Бұл 1588 жыл еді. Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадыр Әлінің Шығыс тарихын, мәдениетін жақсы білетінін, көп тілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыр жігіт Оразмұхаммед 1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген жөне оның хан тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы етіп тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білді ме, жоқ па — әйтеуір Қадыр Әлі бек те зор құрметке бөленіп, бас уәзірлік қызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті де Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді. Қадыр Әлінің бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Байұзақ Албани: "Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады", — дейді "Тарихи таным" атты кітабында. (195-бет). Оразмұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин "Аласапыран" атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі. Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік үлттық Университетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. Байұзақ Албани былай дейді: "Ол жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-өлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздер т.б. жайында деректі мәліметтер жазып қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшын т.б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "Жамиат-тауарих" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақжерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар.

Жылнамалар жинағы

"Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.) Құнды мағлұматтың бірі Кейін «Жылнамалар жинағы» деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын» дейді ол өзі жайында. «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1. Борис Годунов билігін бейнелеу. 2. Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.

Күміс сандық құпиясы

Қадыр Әліге аса жоғары баға берген үлы ғалымдарымыздың бірі — академик Әлкей Марғұлан, 1981 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің 1-нөмірінде жарияланған "Күміс сандық қүпиясы" атты көлемді мақаласында былай дейді: "Оразмұхаммедтің кітапханасында сақталған кітаптардың ең бағалысының бірі — өзіне дос болған серігі, әрі атақты биі, көркем тілде қазақша жазатын жазушы Қадырғали Жалайыридің шығармасы. Оның кітабы 1598 жылы жазылып біткен, әуелдегі аты қандай екені белгісіз. Жазудың бас-аяғы жоғалып кеткен... Шоқан оған зор ғылыми мән беріп, бүл қазақ тілінің жақсы бір мұрасы деп білген. Оның түсіндіруінше: "В отношении сведений о киргизах самое первое место занимает "Сборник летописей" издания Березина, замечательный тем более, что представляет единственные памятники прошедшей жизни казахов. Он написан в конце царствования Бориса Годунова... В нем степных уподоблений, поговорок бездна"... Оған бірінші көңіл қойған жазушы —Абылғазы. Бүл кісі Қадырғалидың кітабын Есім ханның үйінде қонақ болып, Түркістанда жатқанда оқыған болу керек. Есім — Тәуекелдің інісі, Оразмұхаммедтің ағасы. Москвадан қазақ елшілері алып келген Қадырғалидың кітабы Тәуекелде, Есімде болуы айдан анық. Сондықтан бұл кітапты Абылғазы бір ғана Түркістан қаласында оқиды. Орта Азияда өзге қалаларда бүл кітап болмаған. Ресейде бүл кітапты жақсы білген П.И.Рычков, Н.М.Карамзин оның керек жерін пайдаланып отырған. Абылғазы оқып шыққан бүл кітаптың бір көшірмесін Ибрагим Халифиннің Френге жазуынша, 1918 жылы Қазан Университетінің кітапханасы сатып алады...

Жалайыр тайпасынан шыққан

Қадырғали араб, парсы, түркі, орыс тілдерін бірдей жақсы білген... Қадырғали—Жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың бірінші ойшыл ғалымы, жазушысы, өрнек қалдырған мәдениет мұрагері. Өзінің жазуында да жалайыр тайпасын жоғары көтеріп ардақтаған: "Алаш мыңы арасында үлығы тарақ тамғалы Жалайыр болған. Оның жазғандарын қазақ жазу мәдениетінің бірінші үлгісі деп тану керек". Соңғы жылдары қазақ ғалымдарының күш салуы арқасында Қадыр Әлі еңбегі өз халқымыздың алтын қазынасына айналғанын айта кеткен жөн. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1.Борис Годунов билігін бейнелеу. 2.Рашид ад-Диннің "Джами ат-Таварих" атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Қадыр Әлінің бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты — өз әміршісі Шыңғыс хан ұрпағы Ондан сүлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына лайық екенін дәлелдеу. Екінші бір мақсат: "... патша Борис Федоровичтің мәңгі әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары мәртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары мәртебелі патшаның қүрметпен хандыққа отырғызғанын көрсету үшін жазылды". (И.Н.Березин. "Библиотека восточных источников". I том, Казань, 1854.) Одан әрі Қадыр Әлі былай дейді: "... бүкіл орыс патшасы Борис Федоровичтің үкім жарлығымен оңды-солды қаршыларды, қүрметті бектерді отырғызып, көше-көше, орам-орам мылтық андаздармен маңғазданып және саясатпен қол қусырып, бас иіп, игі жақсылар түрды. Осындай салтанатпен Оразмұхаммед Ондан Сұлтанұлын аса құрметтеп, көрініске алып, бұл жерде патша хазіреті таққа отырғызды" (Қасымов қаласында). (Қасым хандығы Мәскеуден 250 шақырым Оңтүстік шығыста, Ока өзенінің сол жағалауына орналасқан.) Орыс хан туралы былай деген: "Оны барлыгы аға тұтып, патшалыққа отырғызды. Одан соң Орыс хан Алатау төңірегіне қоныс тепті. Ол жер өте үлкен және биік тау еді. Онда жақсы жайылымдар, сулар мен бұлақтар да көп болған... Отырар, Сайрам шаһарлары... Шу, Талас, Ыстықкөл, Теклік әуләяттары болған. Халқы өте көп, іргелі, мықты, даңқты және батыр болған". Қадыр Әлі бұдан кейін Құйыршық хан, Барақ сұлтан, Кіші Жәнібек, Қасым хан жайында баяндайды. "Оразмұхаммед Орыс ханнан Жәнібек ханға дейін төртінші буын еді", — дейді. "Шығай хан батырлығымен мәлім болды. Оның ұлы Ондан сұлтан ержүрек, батыр, садақ атудың керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті... Ақырында қалмақтармен шайқаста отыз жасқа келген жігіт шағында шаһит болды. Оның қабірі Қожа Ахмет Яссауи (қасында) жерленді". Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қай сұлтанның, қай ханның, қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де қүнды. Тәуекел ханды "Ислам мемлекетінің басшысы" деп атаған. Онда сұлтан шаһит болғанда Оразмұхаммедтің он үш жаста жетім қалғанын айтады. "Он алты жасында жалпы христиан басшысы Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын болды" дейді (Оразмұхаммед 1610 жылы Лжедмитрий мен Василий Шуйский арасындағы қантөгісте ерлікпен көз жүмған.).

Қадыр Әлі би еңбегі маңызы

"Қадыр Әлі би еңбегінің қазақ халқының, қазақ хандығының қалыптасу процесін зерттеп білуде алатын орны ерекше, бұл мәселелерді анықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады, — дейді одан өрі М.Қойгелдиев. — Мәселен, Қадырғали бидің сол түстағы қазақ елін "Алаш мыңы" атау себебі ғылыми әдебиетте әлі күнге дейін жан-жақты баяндалған емес... Аса маңызды тарауларының бірі — "Орыс хан дастаны". Бұл дастаннан біз басқа еңбектерде кездесе бермейтін мынадай фактілерді байқаймыз: біріншіден, Жәнібек ұлысының, яғни қүдіретті Алтын Орданың ыдырау барысы, оған Фетка Науакрат бастаған әскердің "қосқан" үлесі, Фетка Науакрат деген кім, қайдан келген — бұл әлі анықталмаған мәселе. Екіншіден, осы Фетка Науакрат салған алаңнан кейін Орыс ханның Алатау жаққа кетіп, сонда орын тебуі. Ал бұл Орыс хан қазақ хандары династиясының негізін қалаушы болғандығы мәлім. Үшіншіден, Қадырғали би бұл дастанында Жетісудың сол тұстағы (ХIV-ғасыр) қалаларын атап, әскерін сипаттап, елінің ірі, ержүрек келетіні туралы да айтқан" (38-бет). "Қазақ тарихы" журналының сол нөмірінде Қадыр Әлі еңбегінің "Орыс хан және оның ұрпақтары" деген тарауы берілген. Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қолдан қолға көшірілгенде көп қателер кеткені анық, сонда да оған әлі талай тарихшы айналып соғары сөзсіз.

Шығыс жылнамашыларының, әсіресе, Рашид әд-Диннің, Әбілғазының, Хайдар Дулатидің, Қадырғали Жалайырдің тағы басқа ғалымдардың жазбаша еңбектерін оқып отырғанда ағайын-туғандар бақ-дәулет, атақ-даңқ үшін қаншама ғасырлар бойы өзара қырғын соғыстар ашқанына көз жеткізу қиын емес. Бірақ, бүл — тарих. Ал тарихтан келер үрпақсабақалып, өсіп-өркендеуге тиіс. Ол үшін өткен тарихқа жиі-жиі көз жіберіп отыруымыз керек. Қадыр Әлі бидің еңбегі — бұл салада айрықша көзге түсетін інжу-маржан.

Қосымша

Қадырғали Қосымұлы (1530-1605 ж.ж.) қазақтың орта ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалымы әрі атақты биі. Қадырғали бидің түп тегі ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан шыққан. Сондықтан да ол көбінесе "Қадырғали Жалайри" аталып кеткен. Ата-бабалары ертеде Сырдария бойын мекен етіп көшіп-қонып жүрген. Кейін Ескелді, Балпық билер, Орақ сияқты батырлардың басшылығымен Жалайыр әулеті осы күнгі Талдықорған облысына келіп қоныс тепкен. Қадырғали бидің ата-бабалары Қарахан дәуірінен бері ел басқарған ықпалды кісілер болған. Әкесі Қосым да беделді би.

Оның әкесі Темшік, баһадур Анжы баһадур Адымшейх мырза ағасы Қараш бек Құбай Қамбар мырза Айтаулы бек Шейх Софы бек Тебребек Саба баһадур Сартақ ноян бәрі-бәрі батыр, бек, би болыпты.

Ата, әке жанында жүріп, олардан тәрбие алған Қадырғали жас кезіненақ хан ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы, кейіннен ханның ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы. Кейіннен ханның кеңесші биі болады. Жалайыр елін қалмақтар шауып, берекесін алған жылдары оның аталары Көшім ханның қол астына барып қосылады. Онда барған соң да ол ханға ақылгөй би боп тұрады. Қадырғали би өзінің "Жами ат-тауарих" ("Жылнамалар жинағында") кітабында: "Менің аталарым Ораз Мұхамед сұлтанның аталарына қызмет етті. Әзім Ораз Мұхамедтің қасында болдым" деп жазады. Осыдан-ақ оның атақты Ораз Мұхамедпен қызметтес болып, орыс княздігімен қарым-қатынаста жүргені аян. Сібір сұлтаны Сейдектің де кеңесші биі болып тұрған. 1588-1598 жыл аралығынды Қадырғали Ораз Мұхамедпен бірге Мәскеуде патша сарайында қызметте болады. Орыс патшалығы мен шведтер және Қырым хандығы арасындағы соғысқа қатысады. Сол соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз Мұхамед Сұлтанға Ока өзені жағалауынан жер бөліп беріп, өз алдына хандық құруға рұқсат берген. Ол хандықтың орталығы Қасым қал асы болған. Қадырғали сол Ораз Мұхамед басқарған хандықта уәзір, би болып қызмет атқарады. Қадырғали би сол жылдардан бастап ғылыммен айналыса бастайды. 1600-1602 жылдары Қасым қаласында ол өзінің "Жами ат-тауарих" атты кітабын жазып бітіреді. Енді оның атақ-даңқы осы тарихи шежіре кітабы арқылы бүкіл дүние жүзіне мөшһүр бола бастайды. Түрік тілінде жазылған, бұл еңбегінде қазақ сахарасында өмір сүріп, тіршілік еткен Үйсін, Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Сіргелі, Қоңырат, Керей, Найман, Алшын т.б. түрік тектес ру-тайпалардың түп ата-тегін таратып ғылыми талдау жүргізеді. Оғыздар мен Қарахан дәуіріне сипаттама береді. Ертедегі және одан бергі хандар дәуірін әсіресе Шыңғыс хан және оның өулеті мен қазақ ұлыстарынан шыққан хандар, сұлтандар, бектер және олар билеген қазақ халықтарының ішкі-сыртқы шапқыншы жаулармен күресі т.б. саяси-әлеуметтік жайлары баян етілген. Қадырғали бидің бұл еңбегін кезінде Шоқан Уәлихановтан бастап көптеген халықтардың белгілі зерттеуші ғалымдары жоғары бағалған. Енді осы "Жылнамалар жинағынан" бірер үзінді келтірейік:

"...Тоқтамыс хан Еділ бойында өтті: Тайқожа ұланның ұлы еді. Құтлу Қия ұлы Едіге Күчүк оның кеңесшісі, серігі еді.

...Тоқтамыс ханның мәлім, белгілі ұлдары мыналар: Аттарын таратып айтсақ Жалаладдин сұлтан, екіншісі Күшік сұлтан, үшіншісі Жафарберді сұлтан, төртіншісі Қалымберді сұлтан, бесіншісі Қадырберді хан, қызы Жанике атты еді. Оны Едіге би алды. Едіге Күчүк Жаникені алганда Қадырберді хан үш жасар еді.

...Темір-Қүтлу Едіге бекпен бірі хан, бірі бек еді. Заманында көбейіп; ұрпақ өсіріп өмір кешті. Темір-Құтлу ханның ұлы Темір хан. Оның ұлы Болат хан. Оның ұлы Кичик Мұхамед хан. Оның ұлы Ахмед хан. Сол Ахмед ханның үш әйелінен тоғыз ұлы болды.

...Қажы Керей ханның атасы Жанкерей Сұлтанды Қоңырат бектері өлтірген соң өлі жас Қажы Керей сұлтан қашып Чақырған байта жалданып жүргенде бектер өз араларында бірімен-бірі жараса алмай Қажы Керей Сұлтанды іздеп тауып хандыққа қойды... "Шежіреде Едіге бидің әуел бабасы АбуБакир (Мухаммед пайғамбардың ең 1-төрт Халифасының бірі) одан бірнеше ата-бабалардан соң Керемет-Әзіз, Жалаладдин келеді. Оның Адһам, Баба Тұқлас (Бабай Түкті Шашты Әзіз) деген екі ұлы болады. Баба ТҮклас Қатбада патша болады. Оның Терме деген ұлы Еділ Жайықта тұрып ңайтыс болды. Терменің ұлы Карачиде, Карачидің ұлы Ислам Қияда, оның ұлы Қадір Қияда Еділ-Жайықта тұрып қайтты. Қадір Қияның ұлы Қүтлу Қия Құмкентте қайтыс болды. Оның ұлы Едіге би, Алла оган рахымын жаудырсын... Баба Түкластың төрт ұлы бар еді. Бірі Қагбада, бірі Қагбаның жанында, бірі Үргеніште, бірі Қырымда жатыр. Енді бір деректе Баба Тұқластың (Абас, Ғабұл Рахманқожа, Терме деген) үш баласы болған дейді. Едіге би Тоқтамыс ханның ұлысын биледі. Едіге 63 жасында барып сарайдың қастандыгынан өлді. Едігенің Нұраддин мырза, Қасым мырза, Сейдутали мырза және жастай екеуі қайтыс болған. Осы бес ұл Қожаханың Бақтыла деген қызынан ту ған..."

Қадырғали би бұл кітабының соңғы жагында өзінің жан досы әрі ұстзы Ораз Мұхамед туралы былай деп жазады: "Оның әкесі Ондан Сұлтан, оның әкесі Шығай хан, оның әкесі Иадік хан, оның әкесі Жәнібек хан, оның әкесі Барақ хан, оның әкесі Құйыршық хан, оның әкесі Орыс хан...

Олардың әрбірі бірнеше ата болып өз уәлаяттарында патшалық қылып, атақты болып өтті. Олардың арасында аса белгілі болған Қасым хан еді. Ол Жаған бикемнен туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты...

Ораз Мұхамед хан сегіз жасында өзара қақтығыста қаза болған ұлы бабасы Шығай ханнан айрылды. Он үш жасында әкесі Ондан Сұлтан шаһит болып одан айрылды. Бірақ уақыт тарлықта Сейдақ бидің алдында кіріптарлық шекті. Одан он алты жасында барлық христиан падишасы Борис Федоровичтың құлдығына әзір болды. Сол күннен қазірге дейін Борис патшаның қызметінде. Ұлы мәртебелі патша құлын жарылқады.

...Жиырма жасында ұлы мәртебелі Ораз Мұхамед хандыққа отырды. Алла дәрежесін ғұмылық етсін..."

Соңғы кезде Қадырғали Жалайри би жөнінде жаңа деректер табылып жатыр. Соның бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің профессоры Жанғара Дөдебаевтың Қадырғали би туралы "Алматы ақшамы" газетінде (30 шілде 1997) жарияланған мақаласы.

Автор осы зерттеуінде (ол кезде өзінің арғы бабасы Қараш бек есімімен аталып жүрген Қадырғали бектің Сібірдегі атаман Ермак бастаған басқыншылығына қарсы қалай соғысқанын жан-жақты жазыпты. Осы зерттеу мақаласының соңын автор былайша тұжырымдайды:

...Сөйтіп, атаман Ермак бастаған шабуыл жеңіліс табады. Ермак опат болады.

...Атаманның сауыты Қайдауыл мырзаға, қафтаны Сейдекке сыйға тартылады, қылышы мен белдігі Қарашаға беріледі <ref>Миллер Г. Ф. Описание Сибирсқого царства и всех происшедших в нем дел. СПб., 1750</ref>. Бұған Караганда, Ермак қолын жою жолындағы соғыста осы аталған үш адамның атқарған қызметі аса зор болғанға ұксайды. Ермак өлгеннен кейін бұлар Сібір хандыгындағы ең беделді, ықпалды кісілердін қатарында қалған.

Сібір жылнамалары мен байырғы зерттеу еңбектерде атаман Ермак бас таған қарақшылардың жаулаушылық жорығына қарсы тұрып, оның бар ауыртпалығын тікелей көтерген бірден-бір ірі тұлға Қараша:

  • Ермактың шапқыншылығына, тонауына алғаш ұшыраған соның ұлысы;
  • Сібірге үлкен күшпен келген Сейдекті қарсы алып, соның тобына қосылатын осы азамат;
  • Атаман Ермакқа жансыз жіберіп, оның күшін екіге бөлетін, сөйтіп өз аулына атаман Иван Кольцо бастап келген қырық қарақшыны түгелдей қырып салатын тағы да сол;
  • Ермак бастаған қарақшылар қолында қалган Сібір астанасын қоршауға алып, бүкіл Сібір қарулы күшін жаулаушыларға қарсы Отан азаттығы үшін соғысқа көтеретін де осы жан;
  • Ермак бұзақыларынан Сібір астанасын азат ету жолындағы ұрыста жасақтары үлкен шығынға үшырап, екі батыр ұлы ерлікпен қаза табатын бек те осы;
  • ақырында, Ермактың белдігі мен қылышын беліне тагынатын қаһарман да сол;
  • Ораз Мұхамед ханзадамен, Сейдекпен бірге Данила Чулқовтың тұтқынына түсіп, Мөскеуге жеткізілетін де осы Қараша еді.

Сібірдің азаттығы үшін осынша қан мен тер төккен батыр қолбасы, мемлекет қайраткері Қадырғали бек екені туралы қазақ ғалымдары осы күнге дейін екі ұшты пікірде. Біздіңше, татар ғалымы М. А. Усмановтың: "Сібірлік Қараша мен Қадырғали бек бір адам" <ref>Усманов М. А. Татарские исторические источники ХVII-ХVIII вв. Казань, 1972. С. 45</ref>, - деп тұжырымдауы дәлелді, дәйекті әрі онда үлкен шындық бар.

Сібір тарихы туралы алғашқы дерек көздері мен зерттеулерде Ораз Мұхамедпен, Сейдекпен бірге Данила Чулқовтың түтқынына түсетін Қараша "Көшім ханның ақылғөй қарашасы" ("Царя Кучумова думной қарача") деп үзілді-кесілді, анық көрсетіледі <ref>Сибирские летописи. с. 293-294</ref>".<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref><ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Жалайыри

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Bio-stub