Сағидолла Құбашұлы Құбашев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:30, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сағидолла Құбашұлы Құбашев (10 ақпан, 1927, Атырау - 19 сәуір 2016, Алматы) — мемлекеттік қайраткер, Экономика ғылымдарының кандидаты (1966).

Өмірбаяны

  • 1949 жылы Алматы мал дəрігерлік институтын бітірген.
  • 1949-1960 жылдары - шаруашылық жұмыстарда.
  • 1960-1963 жəне 1965-1966 жылдары - Атырау облыстық атқару комитетінің төрағасы.
  • 1963-1964 жылары - Қазақстан КП-сы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы.
  • 1966-1975 жылдары - Ақтөбе облыстық атқару комитетінің төрағасы.
  • 1975-1979 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 1979-1988 жылдары
    • Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағасы
    • Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы
    • Қазақстан КП орталық комитетінің екінші хатшысы.
  • 1988 жылдан одақтық дəрежедегі дербес зейнеткер.

Қоғамдық қызметі

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-10 шақырылымдарының депутаты болып сайланған.
  • 2004 жылдан "Мұнайшы" қоғамдық қоры Қамқорлық Кеңесінің мүшесі.
  • КСРО Жоғарғы Кеңесінің 11 шақырылымы депутаты болып сайланған.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер