Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бұйдаш хан"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (top: clean up, replaced: Туылған → туған (2) using AWB)
Жол нөмірі 37: Жол нөмірі 37:
 
| Ізашары_4  =  
 
| Ізашары_4  =  
 
| Ізбасары_4        =  
 
| Ізбасары_4        =  
| Туылған күні      =
+
| туған күні      =
| Туылған жері    =  
+
| туған жері    =  
 
| Қайтыс болған күні        =  
 
| Қайтыс болған күні        =  
 
| Қайтыс болған жері      =  
 
| Қайтыс болған жері      =  

13:46, 2016 ж. мамырдың 4 кезіндегі түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Бұйдаш хан — (Бұйлаш хан, Бойлаш хан, Бойдаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан) (16 ғасыр) — қазақ хандарының бірі (1533 — 1538). Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы, Тайыр ханның інісі. Деректерге қарағанда, 16 ғасырдың 30-жылдарында қазақта бірнеше хан болған: Батыс бөлікте Ахмет хан (Ахмад) хан, орталықта — Тоғым хан және Жетісу аймағында Тайыр хан. Ол қайтыс болған соң (1533), Жетісу өңірінде (деректе Моғолстанда деп жазылған) Бұйдаш хан билікке келеді. Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған.

Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір бөлігіне де тараған. “Тарихи Рашидиде” Бұйдаш хан 1533/34 жылдан кейін қайтыс болды делінсе, Қадырғали Жалайыр Барақ ханның ұлы Дербіс сұлтанмен соғыста өлді деп жазады. Осы соғыста Әдік сұлтаннан тараған 24 сұлтан қаза табады. Бұйдаш ханның ұрпақтарының тағдыры белгісіз.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақ хандары