Балқаш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:23, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Otheruses Үлгі:Көл БалқашҚазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.


Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.

Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км², ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 жылдары ххҚазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ххгидрометеорологияъъ ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> Балқаш – Қарағанды облысындағы қала, МойынтыАқтоғай темір жол бойындағы станса, Балқаш көліндегі пристань. Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан. Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оның өнімдері шет елдерге шығарылады. Жылдық өнім көлемі жүз мың тонна. Қалада тарихи-өлкетану мұражайы, екі спорт кешені, жүзу бассейні, Қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен-металлургия техникумы, педагогикалық, медициналық училищелері, Қарағанды политехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, жиырма шақты орта және сегіз жылдық мектеп, екі халық театры, бейнестудия, т.б. мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия республикаларымен байланыстырады. <ref>Балалар Энциклопедиясы, II- том</ref>

География

Балқаш экологиясы

Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңт.-шығыс аймағында 20 ғ-дың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп — Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970) Іле өз. арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш к-нің экол. тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15,0 км3 су қорының 11,9 км3-і (80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3,0 км3 су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысатын. 1970 — 85 жылдардағы Балқаш к-не құятын өзендер суының жалпы ағыны 14,9 км3-ден 11,8 км3-ге кеміді, яғни, көл жылына шамамен 3,0 км3 су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлш. жылына 7,0—8,0 км3-ке дейін өсті (1-сурет), оның 6,5 км3 суы егін суаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 км3-ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абс. биікт. 340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылд. жылына 15,6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 — 46 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9,2 см/жыл) біршама жоғары. Іле өз. атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 2/3 бөлігі қысқарды. Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығыны 1600 — 1800 м3/с-тен 700—800 м3/с-ке дейін төмендеді. Электр стансасы қажетіне байланысты су ағыны жылдам өзгеретін (0—1000 м3/с) болды. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін болды. 1986 жылдың аяғында Балқаш к-не құятын Іле өз-нің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалған Іле ғана қалды. Су шығынының 90%-і тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына симай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңт. жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4—5-і ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлш. 17—18 мың т-дан 10 — 11 мың т-ға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мыс., бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ін табан, жайын, көксерке, т.б. құрады (1997). Ал, аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды (2-сурет). 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералд. күрт өсті (3-сурет). Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың т-ға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералд. 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мыс., 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аум. 1 км²-ден астам 86 ірі мұздықтың 6-уы ғана қалды. 1980 — 90 ж. Іле — Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғыл. зерттеулер жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 м-ге төмендетілді, сөйтіп көлемі 2 есеге (28 км3-дің орнына 14,5 км3) кеміді де, жер суаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш к-нің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп — Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. Бұл — халықар. деңгейде реттелетін мәселе.<ref>"Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том</ref>

Аралдар

Шығанақтар

Түбектер

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Lake-stub