Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті
1992 жылы шілденің 13-і күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін 12 жыл - даму мен қалыптасудың, тұрақты жетілудің жылдары болды. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысты болды, Елбасының тапсырмаларымен және уақыт талабымен анықталып отыр. Барлық реформалардың басты мақсаты - Комитетке жүктелген міндеттерді тиімді шешу, егемен Қазақстанның мүддесін қорғау болды. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті - кез келген қатер мен сынаққа шұғыл да барабар жауап бере алатын икемді, әрі жоғары білікті арнайы қызмет. Өзінің қарсы барлау тұжырымдамасын жасау нәтижесінде шетелдік арнайы қызмет өкілдерінің әрекеттерін әшкерелеу, олардың белсенділігін бәсеңдету, Ұлттық қауіпсіздік комитетін бақылауға алу мүмкін болып отыр.
Төрағалар тізімдері
- Болат Баекенов, қазан 1991 – желтоқсан 1993<ref name="Bzglyad">Үлгі:Citation</ref>
- Сәт Тоқпақбаев, желтоқсан 1993 - қараша 1995; <ref name="Bzglyad"/>
- Жеңісбек Жұмабеков, қараша 1995 – мамыр 1997; <ref name="Bzglyad"/>
- Әлнұр Мұсаев, Мамыр 1997 – Қыркүйек 1998 және Тамыз 1999 - Мамыр 2001; элиталар мен президентке жағымсыз әрекеттері іспетті орнынан ауыстырылды<ref name="Bzglyad"/>
- Нұртай Әбіқаев, қыркүйек 1998 – тамыз 1999 және тамыз 2010 – бүгінгі күн;.<ref name="Bzglyad"/><ref>Үлгі:Citation</ref> 2010 жылы төраға орнына қойылды.<ref name="AbykayevSecondTerm">Үлгі:Citation</ref>
- Марат Тәжин, мамыр 2001 – желтоқсан 2001<ref name="Bzglyad"/>
- Амангелді Шабдарбаев, 2 наурыз 2006 – 7 желтоқсан 2009;<ref name="Shayakhmetov">Үлгі:Citation</ref><ref>Үлгі:Citation</ref>
- Әділ Шаяхметов, 9 желтоқсан 2009 – тамыз 2010; <ref name="AbykayevSecondTerm"/><ref name="Shayakhmetov"/>
- Нұртай Әбіқаев, 23 тамыз 2010 – 25 желтоқсан 2015
- Владимир Жұмақанов, 25 желтоқсан 2015
Сыртқы сілттемелер
<references/> Үлгі:Ұлттық қауіпсіздік өкілдіктері