Шокальский мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шокальский мұздығы - Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Орта Талғар өзенінің бастауында орналасқан. Оны 1910 жылы өлкетанушы С.Е.Дмитриев ашқан. Мұздыққа географ, мұхиттанушы Ю.М.Шокальскийдің (1856–1940) есімі берілді.
Жер бедері, аумағы
Мұздық бойлық бағытта созылған. Ұзындығы 4,7 км, ауданы 10,8 км2, оның ішінде фирн (мұзқар) алаңы 5,7 км2. 3 тармақты қазаншұңқырдағы ені 4 км, мұздық тілінің ені 1 км. Мұздық 4540 м биіктіктен басталып, мұздық тілі төменде 3370 м-де бітеді. Орташа қалыңдығы 89 м, көлемі 0,96 км3. Мұздық бетіндегі қардың еруінен жыл сайын Талғар өзеніне 10–12 млн. м3 су ағады.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>