Шамғали Харесұлы Сарыбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шамғали Харесұлы Сарыбаев (11.3.1893, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы — 5.4.1958, Алматы)<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> — ғалым, қазақ тілі әдіснамасының негізін салушылардың бірі, пед. ғыл. канд. (1943), доцент (1947).
- Орынбордағы “Хусаиния” медресесін бітіріп, 1916 жылдан Түркістан маңындағы ауылдарда мұғалім, 1918 ж. Шымкентте уездік оқу-ағарту басқармасының бастығы болды.
- Шымкент қ-нда тұңғыш рет пед. курс ашып, қазақ тілінен сабақ берді, Ақтөбе майданында үгітші болды.
- 1919 — 20 ж. Ташкенттегі Қазақ ағарту ин-тында сабақ берді.
- 1921 — 23 ж. Алматыда қазақ пед. техникумын ұйымдастырды.
- 1923 — 54 ж. Ташкенттегі Орт. Азия коммунистік университетінде, Алматыдағы Қазақ журналистика ин-тында, Абай атынд. қазақ пед. ин-тында, Қазақ мемл. ун-тінде дәріс оқыды.
- Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі, педагогика туралы 100-ге тарта ғыл. мақаласы, сондай-ақ он шақты монографиясы жарық көрген. Көп жылдар бойы қазақ, қарақалпақ ауыз әдебиеті материалдарын жинады. Жамбыл туралы алғаш рет мақала жазды (“Терме” журналы, 1925, ғ1). “Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі” атағын алған, “Құрмет белгісі” орденімен (1954), көптеген медальмен марапатталған.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
Ұрпақтары
Ұлдары: Болат Сарыбаев - танымал музыка аспаптарын зерттеуші, Шора Сарыбаев - лингвист-ғалым. Немерелері: Талғат Болатұлы Сарыбаев - композитор, Қайрат Шораұлы Сарыбаев - дипломат.
Шығармалары
- Еңбек және мектеп. Бастауыш мектептің үшінші жылына арналған оқу кітабы, А., 1930;
- Жаздырып үйретудің әдістері, Таш., 1932;
- Үшінші кластың ана тілі оқулығына методикалық нұсқаулар, А., 1955;
- Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері, А., 1956.
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>